Ақтөбе облысындағы ауданда мал қырылып жатыр

© Sputnik/Ляля ЛиловаКоровы
Коровы - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.11.2023
Жазылу
АСТАНА, 29 қараша – Sputnik. Ақтөбе облысында ірі қарадан қарасан індеті шығып, бір ауылда карантин жарияланды. Тоқмансай ауылындағы шаруа қожалықтарының бірінде аша тұяқтылар қырылып жатыр, деп хабарлайды КТК.
Алға ауданындағы Тоқмансай ауылындағы фермадан малды далаға шығаруға және жем-шөп тасуға тыйым салды. Мұндағы сиырлар 3-4 күн бұрын ауыздарынан су ағып, іштері ісіп құлай бастаған. Алғашқыда ветеринар мамандар малдарды уланған болар деп топшылапты. Зертханалық зерттеуден соң ғана сиырларға қарасан тигенін анықтаған. Бұл індет жұққан мал өліп тынады. Етін жеуге болмайды. Осыған дейін бір ай бұрын Ойыл ауданында да шаруа қожалығынан қарасан ауруы анықталып, карантинге жабылған болатын.
"Шешім шығарылып, карантин енгізілгеннен бұл шаруашылықтан мал, жем-шөп, ауылшаруашылығы өнімдері шықпау керек, басқа жақтан келмеу керек", - дейді Ақтөбе облысы ветеринария басқармасы басшысының орынбасары Бердімұрат Бекжанов
Жаңалықтар
0