“Үкіметке 19 мың шағым түскен”: Смайылов бірнеше сапасыз салынған жолды атады

© Photo : Public domain/Werner BayerВид на дорогу в Соссусфлей, Намибия
Вид на дорогу в Соссусфлей, Намибия  - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.11.2023
Жазылу
Осы орайда премьер-министр Қостанайдағы бір жолдың азабын мысалға келтірді
АСТАНА, 28 қараша - Sputnik. Премьер-министр Әлихан Смайылов халықтың жол сапасына қатысты арыз-шағымдарын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгінде сапасыз төселген жолдар халықтың наразылығына жиі себеп болып жатады.
“Әсіресе, сапасыз жөндеу жұмыстарына қатысты айтылып жатқар сын көп, тек биылғы жылдың өзінде мемлекеттік органдарға автомобиль жолдарына қатысты 19 мыңнан астам арыз—шағым келіп түсті”, - деді Смайылов үкіметтің бүгінгі отырысында.
Осы орайда премьер-министр Қостанайдағы бір жолдың азабын мысалға келтірді.
“Қостанай облысының тұрғындары Ұзынкөл станциясы мен Троебратский ауылы арасындағы әбден тозып біткен жолға қатысты ұжымдық хат жазды. Бұл жол осы өңірді көршілес Солтүстік Қазақстан облысымен байланыстырады және Ресейге қарай транзиттік жол болып табылады. Ал Ақтөбе облысында Жұрын станциясы мен Орқаш ауылы арасында қиыршық тас төселмеген сапасыз жол салынған”,- деп атап көрсетті үкімет басшысы.
Бұдан бөлек, Тараз қаласының тұрғындары да шағын аудандардың бірінде бір жылдан бері жөндеу жұмыстары бітпей жатқан жол мәселесін шешуді сұрады.
“Ондай мысалдар барлық өңірде көптеп кездеседі”,- дейді Смайлов
Жаңалықтар
0