Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Ресей армиясы Украина қарулы күштерінің Купянск бағытында ротациясын бұзды

© Sputnik / Павел Лисицын / Медиабанкке өтуБоевая работа артиллеристов на Запорожском направлении
Боевая работа артиллеристов на Запорожском направлении - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.11.2023
Жазылу
Ал Херсон облысында танкке қарсы бөлімшенің жауынгерлері екі күнде сегіз украиналық камикадзе-дронды атып түсірді
АСТАНА, 28 қараша – Sputnik. "Батыс" әскер тобы Украина әскері бригадасының Купянск бағытында ротациясын бұзды, деп хабарлады "Батыс" тобының баспасөз орталығының жетекшісі Сергей Зыбинский.
"Купянск бағытында белсенді қорғаныс кезінде артиллериялық атыспен қолдау көрсеткен 6-шы жалпы әскери армияның мотоатқыштар құрамалары Синьковка, Лиман Первый бағытында 57-ші мотоатқыштар бригадасының шабуылдау топтарының екі қарсы шабуылына тойтарыс берді", - деді ол.
Офицердің айтуынша, 1-ші танк армиясының қорғаныс аймағында топ артиллериясы 43-ші механикаландырылған бригаданың әскери қызметкерлерін Ивановка, Ягодное бағытында алға жылжыту әрекетінің жолын кесті.
Сонымен қатар батаеряға қарсы шайқас кезінде топтың артиллериясы Колесниковка және Кисловка аудандарында 122 миллиметрлі өздігінен жүретін 2С-1 "Гвоздика" артиллериялық қондырғысы мен миномет есептобын жойған.
Херсон облысында Ресейдің танкіге қарсы бөлімшесі екі күнде сегіз украиналық камикадзе-дронды атып түсірді, деп хабарлады РИА Новостиге "Фаза" лақапаты бар "Днепр" әскер тобының жауынгері Вадим Ломакин.
"Менің жасағым екі күнде сегіз коптерді атып түсірді. Бұл FPV-дрондары немесе қарапайым тілмен айтқанда камикадзе-дрондар. Олар бір позицияға шабуыл жасауға тырысты. Біз оларды ыңғайлы жерден атып түсіре алдық", - деді жауынгер.
Жаңалықтар
0