Өңірлер

Қостанай облысында 900-ге жуық кәсіпкер жарты жыл бойы субсидия ала алмаған

© Sputnik / Абзал КалиевАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.11.2023
Жазылу
Өңірде агроөнеркәсіптік кешенді субсидиялауға 3,3 млрд теңге бөлінген
АСТАНА, 28 қараша – Sputnik. Қостанай облысында 865 кәсіпкер биыл мамыр айынан бастап субсидия ала алмай келген. Прокуратура араласқаннан кейін ғана оларға тиісті субсидиялар төленді, деп хабарлайды облыс прокуратурасы.
Анықталғандай, облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді субсидиялау бойынша өтінімдерді қарау кезінде кәсіпкерлерді әбігерге салып келген.
"Өңірде агроөнеркәсіптік кешенді субсидиялауға 3,3 млрд теңге бөлінді. Бұл ретте 865 кәсіпкердің өтінімі 2023 жылғы мамырдан бастап қаралмай қалды, ал қызмет көрсету мерзімі 14 жұмыс күнін құрайды", - дейді ведомстводағылар.
Облыс прокуратурасы енгізген қадағалау актісі бойынша заңбұзушылықтар жойылды. Облыс әкімдігі өңірдің 757 ауыл шаруашылығы тауарын өндірушісіне 3,3 млрд теңге субсидия төледі.
Мұндай фактілерді болдырмау үшін басқарма бұдан былай мемлекеттік қолдау өтінімдерін уақтылы қарау бойынша ұйымдастырушылық – өкімдік шаралар қабылдады, деп атап өтті прокуратура.
Судебное разбирательство по делу Кайрата Боранбаева - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.10.2023
Ақтөбе облысында 200-ден астам кәсіпкер заңсыз жауапқа тартылған
Жаңалықтар
0