https://sputnik.kz/20231128/qazaqstandyq-biznesmender-er-riyadta-182-mln-dollarga-kelisimshart-zhasady-40498742.html
Қазақстандық бизнесмендер Эр-Риядта 18,2 млн долларға келісімшарт жасады
Қазақстандық бизнесмендер Эр-Риядта 18,2 млн долларға келісімшарт жасады
Sputnik Қазақстан
Сауд Арабиясында алғаш рет қазақстандық кәсіпкерлердің сауда миссиясы өтті 28.11.2023, Sputnik Қазақстан
2023-11-28T20:37+0500
2023-11-28T20:37+0500
2023-11-28T20:37+0500
сауд арабиясы
https://sputnik.kz/img/748/88/7488863_0:300:5760:3540_1920x0_80_0_0_cfc31f6006324f54753d466c6fededf1.jpg
АСТАНА, 28 қараша – Sputnik. Эр-Риядтағы іскерлік келіссөздердің қорытындысы бойынша қазақстандық бизнесмендер 18,2 млн доллар болатын экспорттық келісімшарттарға қол қойды , деп хабарлады Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметі.Эр-Риядта 26-28 қараша аралығында алғаш рет қазақстандық кәсіпкерлердің сауда миссиясы өтті. Қазақстан ет және ет өнімдерін, бал, ұн және күнбағыс майын, құрылыс материалдарын, ТКМК өнімдерін өндіретін 25 компанияның қызметін ұсынды.Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев елдеріміз арасындағы тығыз байланысты атап өтті.Соңғы жылдары Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы өзара сауда қарқынды өсіп келеді. 2023 жылдың 9 айында тауар айналымы 13,4 млрд долларға жетті.Қазақстандық өнімнің экспорты өткен жылғы көлемнен асып, 7,2 млрд долларды құрап, 66,5%-ға артты.Қазақстан Сауд Арабиясына негізінен машина жасау және металлургия саласының өнімдерін жеткізеді. Өткен жылдан бастап отандық компаниялар салқындатылған қой етін Сауд нарығына экспорттай бастады. САК импорттаушыларының тізіліміне барлығы 34 отандық ет және бал өнімдерін өндірушілер кіреді, тағы 23 кәсіпорын қосылады деп жоспарланып отыр."Қазақстандық компаниялар орта мерзімді перспективада Сауд Арабиясына 500 млн долларға жуық тауардың 75-тен астам түрін қосымша жеткізуге дайын. Металлургия және тамақ өнеркәсібін өндірушілер үлкен экспорттық әлеуетке ие. Сіздердің компанияларыңызбен ынтымақтастыққа, әсіресе IT саласында қызмет көрсетушілер жоғары қызығушылық танытуда", - деді Қайрат Төребаев.Оның айтуынша, кейбір қазақстандық тауар өндірушілер Сауд Арабиясы аумағында сауданы одан әрі дамыту үшін өкілдіктер ашу мәселесін пысықтауда.
сауд арабиясы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/748/88/7488863_320:0:5440:3840_1920x0_80_0_0_8c2728901cb8039a27839be91395654f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
сауд арабиясы
Қазақстандық бизнесмендер Эр-Риядта 18,2 млн долларға келісімшарт жасады
Сауд Арабиясында алғаш рет қазақстандық кәсіпкерлердің сауда миссиясы өтті
АСТАНА, 28 қараша – Sputnik. Эр-Риядтағы іскерлік келіссөздердің қорытындысы бойынша қазақстандық бизнесмендер 18,2 млн доллар болатын экспорттық келісімшарттарға қол қойды , деп хабарлады Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметі.
Эр-Риядта 26-28 қараша аралығында алғаш рет қазақстандық кәсіпкерлердің сауда миссиясы өтті. Қазақстан ет және ет өнімдерін, бал, ұн және күнбағыс майын, құрылыс материалдарын, ТКМК өнімдерін өндіретін 25 компанияның қызметін ұсынды.
Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев елдеріміз арасындағы тығыз байланысты атап өтті.
"Корольдіктің қолдауымен біздің елімізде 120 млн долларға жобалар енгізілді. Біз ауыл шаруашылығы, фармацевтика, металлургия және басқа да салаларда экспортқа бағдарланған жаңа жобаларды іске асыруды талқылауға дайынбыз",-деді Қайрат Төребаев Эр-Риядтағы іскерлік форумда.
Соңғы жылдары Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы өзара сауда қарқынды өсіп келеді. 2023 жылдың 9 айында тауар айналымы 13,4 млрд долларға жетті.
Қазақстандық өнімнің экспорты өткен жылғы көлемнен асып, 7,2 млрд долларды құрап, 66,5%-ға артты.
Қазақстан Сауд Арабиясына негізінен машина жасау және металлургия саласының өнімдерін жеткізеді. Өткен жылдан бастап отандық компаниялар салқындатылған қой етін Сауд нарығына экспорттай бастады. САК импорттаушыларының тізіліміне барлығы 34 отандық ет және бал өнімдерін өндірушілер кіреді, тағы 23 кәсіпорын қосылады деп жоспарланып отыр.
"Қазақстандық компаниялар орта мерзімді перспективада Сауд Арабиясына 500 млн долларға жуық тауардың 75-тен астам түрін қосымша жеткізуге дайын. Металлургия және тамақ өнеркәсібін өндірушілер үлкен экспорттық әлеуетке ие. Сіздердің компанияларыңызбен ынтымақтастыққа, әсіресе IT саласында қызмет көрсетушілер жоғары қызығушылық танытуда", - деді Қайрат Төребаев.
Оның айтуынша, кейбір қазақстандық тауар өндірушілер Сауд Арабиясы аумағында сауданы одан әрі дамыту үшін өкілдіктер ашу мәселесін пысықтауда.