https://sputnik.kz/20231128/qazaqstan-qytayga-mal-sharuashylygy-onimderin-eksporttaudy-qayta-bastaydy-40479618.html
Қазақстан Қытайға мал шаруашылығы өнімдерін экспорттауды қайта бастайды
Қазақстан Қытайға мал шаруашылығы өнімдерін экспорттауды қайта бастайды
Sputnik Қазақстан
Бұл екі ел арасындағы тауар айналымы көлемінің едәуір ұлғаюына ықпал етеді 28.11.2023, Sputnik Қазақстан
2023-11-28T09:07+0500
2023-11-28T09:07+0500
2023-11-28T09:07+0500
қазақстан
қытай
экспорт
https://sputnik.kz/img/old/968/77/9687795_0:161:3068:1887_1920x0_80_0_0_6a0eeb0ca77601afffc58945ab860e6d.jpg
АСТАНА, 28 қараша - Sputnik. Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Қытай Халық Республикасы Бас кеден басқармасының төрағасы Юй Цзяньхуамен кездесті, деп хабарлады Sputnik Қазақстан.Кездесуде Қазақстан мен Қытай арасындағы ауыл шаруашылығы өнімдерінің тауар айналымын арттыру мәселелері талқыланды. Айдарбек Сапаровтың айтуынша, екі мемлекет сауда ынтымақтастығын дамытудың, әсіресе ауыл шаруашылығы саудасының зор әлеуетіне ие.Сондай-ақ министр мұздатылған ет, құс шаруашылығы өнімдері мен малға, майлы және дәнді дақылдарға қосымша Қытайға салқындатылған сиыр еті мен шошқа етін жеткізуде республиканың мүмкіндігі мол екенін атап өтті. Бұл екі ел арасындағы тауар айналымы көлемінің едәуір ұлғаюына ықпал етеді. Бұл үшін ауыл шаруашылығы министрлігі жануарлар мен құстардың аса қауіпті ауруларын болдырмау мақсатындағы жұмыстарды ел аумағында белсенді түрде жалғастырып жатыр. Сондықтан қытайлық тарапқа қолайлы аймақтардан ет экспортын бастау ұсынылды.Юй Цзяньхуа мырза Айдарбек Сапаровқа тәуекелдерді бағалаудың және қазақстандық сиыр етін, шошқа еті мен құс етін жеткізуді қайта бастау үшін шектеулерді алып тастаудың соңғы кезеңі жөнінде айтты. ҚХР Бас кеден басқармасы мамандарының Қазақстанға сапары биылғы желтоқсан айына жоспарланған.Қазақстанның ветеринарлық қызметті бағалау қорытындысы бойынша қытай тарапы қолданыстағы шектеулерді алып тастау мүмкіндігін қарастырып, Қытайға мал шаруашылығы өнімдерін экспорттауды қайта бастауға дайын. Бұдан бөлек, ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін Юй Цзяньхуа Айдарбек Сапаровты Қытайға шақырды.Айта кетейік, 27 қарашада Қазақстан-Қытай ынтымақтастық комитетінің отырысы аясында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мен ҚХР Бас кеден басқармасы Қазақстаннан Қытайға сүйекті дақылдардың (шабдалы және өрік) экспорттық партияларына қойылатын фитосанитарлық талаптар жөніндегі хаттамаға қол қойды.Еске сала кетсек, биыл ҚР мен ҚХР арасында АӨК саласындағы өзара сауда көлемі 70% өсіп, 1 млрд доллардан асты. Экспорт 811,1 млн долларға, импорт 197,4 млн долларға жетті.
қазақстан
қытай
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/968/77/9687795_169:0:2900:2048_1920x0_80_0_0_86e50f7eef9a638f466b5575a98958d2.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазақстан, қытай, экспорт
қазақстан, қытай, экспорт
Қазақстан Қытайға мал шаруашылығы өнімдерін экспорттауды қайта бастайды
Бұл екі ел арасындағы тауар айналымы көлемінің едәуір ұлғаюына ықпал етеді
АСТАНА, 28 қараша - Sputnik. Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Қытай Халық Республикасы Бас кеден басқармасының төрағасы Юй Цзяньхуамен кездесті, деп хабарлады
Sputnik Қазақстан. Кездесуде Қазақстан мен Қытай арасындағы ауыл шаруашылығы өнімдерінің тауар айналымын арттыру мәселелері талқыланды. Айдарбек Сапаровтың айтуынша, екі мемлекет сауда ынтымақтастығын дамытудың, әсіресе ауыл шаруашылығы саудасының зор әлеуетіне ие.
Сондай-ақ министр мұздатылған ет, құс шаруашылығы өнімдері мен малға, майлы және дәнді дақылдарға қосымша Қытайға салқындатылған сиыр еті мен шошқа етін жеткізуде республиканың мүмкіндігі мол екенін атап өтті. Бұл екі ел арасындағы тауар айналымы көлемінің едәуір ұлғаюына ықпал етеді. Бұл үшін ауыл шаруашылығы министрлігі жануарлар мен құстардың аса қауіпті ауруларын болдырмау мақсатындағы жұмыстарды ел аумағында белсенді түрде жалғастырып жатыр. Сондықтан қытайлық тарапқа қолайлы аймақтардан ет экспортын бастау ұсынылды.
Юй Цзяньхуа мырза Айдарбек Сапаровқа тәуекелдерді бағалаудың және қазақстандық сиыр етін, шошқа еті мен құс етін жеткізуді қайта бастау үшін шектеулерді алып тастаудың соңғы кезеңі жөнінде айтты. ҚХР Бас кеден басқармасы мамандарының Қазақстанға сапары биылғы желтоқсан айына жоспарланған.
Қазақстанның ветеринарлық қызметті бағалау қорытындысы бойынша қытай тарапы қолданыстағы шектеулерді алып тастау мүмкіндігін қарастырып, Қытайға мал шаруашылығы өнімдерін экспорттауды қайта бастауға дайын. Бұдан бөлек, ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін Юй Цзяньхуа Айдарбек Сапаровты Қытайға шақырды.
Айта кетейік, 27 қарашада Қазақстан-Қытай ынтымақтастық комитетінің отырысы аясында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мен ҚХР Бас кеден басқармасы Қазақстаннан Қытайға сүйекті дақылдардың (шабдалы және өрік) экспорттық партияларына қойылатын фитосанитарлық талаптар жөніндегі хаттамаға қол қойды.
Еске сала кетсек, биыл ҚР мен ҚХР арасында АӨК саласындағы өзара сауда көлемі 70% өсіп, 1 млрд доллардан асты. Экспорт 811,1 млн долларға, импорт 197,4 млн долларға жетті.