https://sputnik.kz/20231128/kaspiy-suynyn-tartylu-maselesi-talqylandy-40498446.html
Каспий суының тартылу мәселесі талқыланды
Каспий суының тартылу мәселесі талқыланды
Sputnik Қазақстан
Су деңгейін бақылап, Каспий экожүйесін зерттеумен айналысатын институт құрылып жатыр 28.11.2023, Sputnik Қазақстан
2023-11-28T20:02+0500
2023-11-28T20:02+0500
2023-11-28T20:02+0500
каспий теңізі
https://sputnik.kz/img/07e6/09/16/27787781_0:2:3636:2047_1920x0_80_0_0_9ab7825c2f66610c74d3fa6372e88e22.jpg
АСТАНА, 28 қараша – Sputnik. Су ресурстары және ирригация министрлігіндегі аппарат кеңесінде Каспийде су деңгейінің төмендеу мәселесі және бұл бағытта жүргізіліп жатқан жұмыстар талқыланды, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.Вице-министр Болат Бекнияз су деңгейінің ең төменгі көрсеткіші 1970 жылдардың ортасында тіркелгенін, ал төмендеу көбінесе циклдік сипатта болатынын айтты.Ол Каспий теңізінің ғылыми-зерттеу институтын құру барысы туралы да айтып берді. Институт су деңгейін бақылап, Каспий экожүйесін зерттеумен айналысады, сондай-ақ Каспий жағалауындағы өзге мемлекеттермен бірлесіп жұмыс істейді.Қазіргі уақытта институт құру туралы қаулы жобасы дайындалып жатыр, сондай-ақ республикалық бюджеттік комиссиясының қарауына шығарылатын қаржы-экономикалық негіздеме әзірленуде.Министр Нұржан Нұржігітов барлық қажетті құжатты дайындауды жеделдетуді тапсырды."Мәселе күрделі, сондықтан құрылып жатқан ғылыми-зерттеу институтынан Қазақстан үшін ғана емес, Каспий жағалауындағы басқа мемлекеттер үшін де өзекті мәселелерді зерттеу бойынша кешенді жұмыс талап етіледі", - деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.Оның пікірінше, жаңадан құрылған халықаралық ынтымақтастық, су саясаты және ғылым мен инновация департаменттері қордаланған мәселелерді шешу жолдарын табу үшін бір-бірімен тығыз жұмыс істеуі керек.
каспий теңізі
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/09/16/27787781_453:0:3184:2048_1920x0_80_0_0_adeda18e1619657bf28886cc330333cf.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
каспий теңізі
Каспий суының тартылу мәселесі талқыланды
Су деңгейін бақылап, Каспий экожүйесін зерттеумен айналысатын институт құрылып жатыр
АСТАНА, 28 қараша – Sputnik. Су ресурстары және ирригация министрлігіндегі аппарат кеңесінде Каспийде су деңгейінің төмендеу мәселесі және бұл бағытта жүргізіліп жатқан жұмыстар талқыланды, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Вице-министр Болат Бекнияз су деңгейінің ең төменгі көрсеткіші 1970 жылдардың ортасында тіркелгенін, ал төмендеу көбінесе циклдік сипатта болатынын айтты.
Ол Каспий теңізінің ғылыми-зерттеу институтын құру барысы туралы да айтып берді. Институт су деңгейін бақылап, Каспий экожүйесін зерттеумен айналысады, сондай-ақ Каспий жағалауындағы өзге мемлекеттермен бірлесіп жұмыс істейді.
"Халықаралық ынтымақтастық Каспий теңізінің ортасын қорғау жөніндегі негіздемелік конвенцияға сәйкес өтеді. Сондай-ақ Каспий аумағы елдері арасында ғылыми зерттеулер бойынша келісім дайындалып жатыр", - деп жазылған хабарламада.
Қазіргі уақытта институт құру туралы қаулы жобасы дайындалып жатыр, сондай-ақ республикалық бюджеттік комиссиясының қарауына шығарылатын қаржы-экономикалық негіздеме әзірленуде.
Министр Нұржан Нұржігітов барлық қажетті құжатты дайындауды жеделдетуді тапсырды.
"Мәселе күрделі, сондықтан құрылып жатқан ғылыми-зерттеу институтынан Қазақстан үшін ғана емес, Каспий жағалауындағы басқа мемлекеттер үшін де өзекті мәселелерді зерттеу бойынша кешенді жұмыс талап етіледі", - деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.
Оның пікірінше, жаңадан құрылған халықаралық ынтымақтастық, су саясаты және ғылым мен инновация департаменттері қордаланған мәселелерді шешу жолдарын табу үшін бір-бірімен тығыз жұмыс істеуі керек.