Біз әртүрлі құрлықта тұрсақ та, күш біріктіреміз: Тоқаев Того президентімен кездесті

© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаКасым-Жомарт Токаев с Фором Эссозимной Гнассингбе
Касым-Жомарт Токаев с Фором Эссозимной Гнассингбе - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.11.2023
Жазылу
Тоқаевтың пікірінше, Қазақстан Батыс Африка мемлекетімен жан-жақты ынтымақтастықты ілгерілетуге мүдделі
АСТАНА, 28 қараша - Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға ресми сапармен келген Того Республикасының Президенті Фор Эссозимна Гнассингбемен келіссөз жүргізді, деп хабарлайды Ақорда.
Қасым-Жомарт Тоқаев Фор Гнассингбеге ілтипат білдіріп, оның Қазақстанға тарихи сапары екіжақты қарым-қатынастың жаңа кезеңіне жол ашатынын атап өтті.
"Қазақстан сіздің еліңізбен жан-жақты ынтымақтастықты ілгерілетуге мүдделі", – деді президент.
Ол бұған дейінгі бейресми әңгімелесу барысында Қазақстан мен Того арасында ықпалдастық орнату үшін өзара мүддені көздейтін қолда бар мүмкіндіктерді талқылағанын еске салды.
"Әрине, елдеріміз әртүрлі құрлықта, әртүрлі аймақта орналасқан. Бірақ бізге қазіргідей халықаралық күрделі жағдайда күш біріктіру керек. Осы орайда Қазақстан мен Того, сондай-ақ басқа да мемлекеттер халықаралық қатынастарды қалыпқа келтіру үшін бір болуы қажет", - деді Тоқаев.
Кездесу барысында Мемлекет басшысы Қазақстан мен Того күш жұмылдыра отырып, алдағы уақытта атқара алатын негізгі салаларды айқындады.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, екіжақты және халықаралық күн тәртібін ілгерілету үшін тұрақты диалог орнату қажет.
Президент Фор Гнассингбе жылы шырай танытқаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты.
© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаКасым-Жомарт Токаев с Фором Эссозимной Гнассингбе
Касым-Жомарт Токаев с Фором Эссозимной Гнассингбе - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.11.2023
Касым-Жомарт Токаев с Фором Эссозимной Гнассингбе
"Екі елдің игілігі жолындағы ынтымақтастыққа тың серпін беру үшін зор мүмкіндік бар", – деді Того президенті.
Бұдан кейін президенттер екі ел делегацияларының қатысуымен кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді.
Жаңалықтар
0