https://sputnik.kz/20231128/astana-men-shymkentte-zansyz-ondirilgen-altynnan-zhasalgan-zergerlik-buyymdar-satylgan-40494761.html
Астана мен Шымкентте заңсыз өндірілген алтыннан жасалған зергерлік бұйымдар сатылған
Астана мен Шымкентте заңсыз өндірілген алтыннан жасалған зергерлік бұйымдар сатылған
Sputnik Қазақстан
2021-2023 жылдары күдіктілер арасындағы ақша айналымы 300 млн теңгеден асқан 28.11.2023, Sputnik Қазақстан
2023-11-28T21:48+0500
2023-11-28T21:48+0500
2023-11-28T21:48+0500
алтын өндіру
әшекей
https://sputnik.kz/img/07e6/04/04/23944919_0:236:1080:844_1920x0_80_0_0_b939ed4a7f51b7967e0ae09b3d8153a7.jpg
АЛМАТЫ, 28 қараша – Sputnik. Ақмола облысы, Астана және Шымкент қалаларының аумағында бағалы металдарды аса ірі көлемде заңсыз сатумен айналысқан топ ұсталды, деп хабарлады қаржы мониторингі агенттігі.Қылмыстық топ алтынды заңсыз өндіріп, сатып алып және одан зергерлік бұйымдар жасап сатқан.Тінту кезінде 35 млн теңгеден астам сомаға құрамында 99,5% алтын бар 1 килограмнан астам алтын құйма және сатуға дайындалған 335 зергерлік бұйым тәркіленді."2021 жылғы қаңтардан 2023 жылғы қазанға дейін күдіктілер арасындағы ақша айналымы 300 млн теңгеден асқан. 5 адам күдікті деп танылып, оның 3-уі қамауға алынды", - дейді агенттік мамандары.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/04/04/23944919_0:135:1080:945_1920x0_80_0_0_fca8f78c03ac02010318e69467e6ea00.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алтын өндіру, әшекей
Астана мен Шымкентте заңсыз өндірілген алтыннан жасалған зергерлік бұйымдар сатылған
2021-2023 жылдары күдіктілер арасындағы ақша айналымы 300 млн теңгеден асқан
АЛМАТЫ, 28 қараша – Sputnik. Ақмола облысы, Астана және Шымкент қалаларының аумағында бағалы металдарды аса ірі көлемде заңсыз сатумен айналысқан топ ұсталды, деп хабарлады қаржы мониторингі агенттігі.
Қылмыстық топ алтынды заңсыз өндіріп, сатып алып және одан зергерлік бұйымдар жасап сатқан.
"2019 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін бес күдікті Бестөбе кентінде "қара ниетті іздеушілер" заңсыз өндірген және қайта өңдеген алтынды сатып алумен айналысқан. Кейіннен алтын құймалары жасырын арналар арқылы жеткізіліп, жерасты цехтарында зергерлік бұйымдар дайындалған. Ол зергерлік заттарға есепке алынбаған сауда маркалары соғылған. Заңсыз алтындар Астана мен Шымкент сауда үйлерінде сатылған", - дейді ведомство.
Тінту кезінде 35 млн теңгеден астам сомаға құрамында 99,5% алтын бар 1 килограмнан астам алтын құйма және сатуға дайындалған 335 зергерлік бұйым тәркіленді.
"2021 жылғы қаңтардан 2023 жылғы қазанға дейін күдіктілер арасындағы ақша айналымы 300 млн теңгеден асқан. 5 адам күдікті деп танылып, оның 3-уі қамауға алынды", - дейді агенттік мамандары.