Өңірлер

Қарызға батқан келіншек баласын сатып жібермек болған – қымыстық іс қозғалды

© Photo : pixabay.comЖенщина с ребенком на руках, иллюстративное фото
Женщина с ребенком на руках, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.11.2023
Жазылу
Ұсталған келіншектің бұған дейін бірнеше рет алаяқтық үшін жауапқа тартылғаны анықталды
АСТАНА, 27 қараша – Sputnik. Шымкентте туған баласын сатуға келіскен келіншек қамауға алынды. Бұл туралы ішкі істер министрлігі ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
23 жастағы келіншек алдымен делдал арқылы баласын сатып алатын адамды іздеген. Біршама уақыттан кейін сатып алушы табылған. Оған басқа облыста тұратын 45 жастағы әйел хабарласып, артынша екеуі баланың бағасына да келіскен.
"Сондай-ақ, ұсталған келіншектің бұған дейін бірнеше рет алаяқтық үшін жауапқа тартылғаны анықталды, мойнында біраз қарыз да бар болып шықты", - деді Нұрмағамбетов бүгінгі онлайн брифингте.
Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің 135-бабы (Кәмелетке толмағандар саудасы) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Нәресте балалар үйіне орналастырылды. Ал анасы қамауға алынды.
Жаңалықтар
0