Астанаға Того Республикасының басшысы келеді

© AFP 2024 / LUDOVIC MARINФор Эссозимна Гнассингбе
Фор Эссозимна Гнассингбе - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.11.2023
Жазылу
Бүгін Астанаға батыс Африка мемлекеттерінің бірінің басшысы келеді
АСТАНА, 27 қараша – Sputnik. Қазақстанға 27-28 қараша күндері Того президенті Фор Эссозимна Гнассингбе ресми сапармен келеді, деп хабарлайды Ақорда.
"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 27-28 қарашада Того Республикасының Президенті Фор Эссозимна Гнассингбе Қазақстанға ресми сапармен келеді",- делінген хабарламада.
Сапар аясында жоғары деңгейде келіссөздер жүргізіледі. Келіссөздер барысында екіжақты сауда-экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту перспективалары, сондай-ақ Қазақстанның Африка құрлығындағы мемлекеттермен өзара ықпалдастық мәселелері талқыланады деп жоспарланып отыр.
Того – Батыс Африкадағы Гвинея шығанағы жағалауындағы мемлекет. Того экономикасы рээкспортқа (Еуропа мен Азиядан Африкаға тауарларды қайта сату) және ауыл шаруашылығына негізделген. Ел фосфат экспорты бойынша әлемде жетекші орынға ие.
Жаңалықтар
0