https://sputnik.kz/20231127/astanada-ata-anasynan-soqqy-korgen-qyz-aurukhanaga-tusti-40459048.html
Астанада ата-анасынан соққы көрген қыз ауруханаға түсті
Астанада ата-анасынан соққы көрген қыз ауруханаға түсті
Sputnik Қазақстан
Қыз ауруханада қалғысы келетінін айтқан 27.11.2023, Sputnik Қазақстан
2023-11-27T08:30+0500
2023-11-27T08:30+0500
2023-11-27T09:08+0500
астана
зорлық-зомбылық
https://sputnik.kz/img/226/11/2261195_0:28:3072:1756_1920x0_80_0_0_5009e88dc3f978931e6db147cc3ec44b.jpg
АСТАНА, 26 қараша - Sputnik. Астана қаласының білім басқармасы жеті жасар қызды ұрып-соғу туралы ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады. Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, 23 қарашада жиі соққыға жығылған 7 жасар қыз ауруханаға түскен. Баланың денесінде ұрып-соғу іздерін байқаған мұғалімдер дереу кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспекцияға жүгінген. Ведомство өкілдері балаларға қатысты қатыгездіктің куәсі болсаңыз, тәуліктің кез келген уақытында "111" нөмірі бойынша немесе "Бала қорғау" чатына хабарласуға болатынын ескертеді.Айта кетері ата-анасы тарапынан үнемі ұрып-соғуға тап болған қыздың жағдайы туралы бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева хабарлаған. "Ауруханаға түскен 7 жасар қызды көруге бардым. Бала үйіне қайтпау үшін аураханада қалуды сұрады. Үйінде тағы 6 бала бар, - деп жазды Зәкиева желідегі парақшасында.
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/226/11/2261195_170:0:2901:2048_1920x0_80_0_0_0e01d66b04b5a18e38599768218d2aff.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
астана, зорлық-зомбылық
Астанада ата-анасынан соққы көрген қыз ауруханаға түсті
08:30 27.11.2023 (жаңартылды: 09:08 27.11.2023) Қыз ауруханада қалғысы келетінін айтқан
АСТАНА, 26 қараша - Sputnik. Астана қаласының білім басқармасы жеті жасар қызды ұрып-соғу туралы ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады.
Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, 23 қарашада жиі соққыға жығылған 7 жасар қыз ауруханаға түскен. Баланың денесінде ұрып-соғу іздерін байқаған мұғалімдер дереу кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспекцияға жүгінген.
"Инспекциядағылар бұл деректі тіркеген. Қыз ауруханада қалғысы келетінін айтқан. Қазір оған психологиялық көмек көрсетіліп жатыр. Аталған оқиға балалардың құқығын қорғау комитетінің бақылауына алынды. Мемлекеттік органдармен бірлесіп, жағдайдың егжей-тегжейі, сондай-ақ отбасының әлеуметтік жағдайы мен микроклиматы зерделенеді. Осы сынды фактілер біздің қоғамдық ұстанымымыздың маңызын тағы бір мәрте еске салады", - делінген хабарламада.
Ведомство өкілдері балаларға қатысты қатыгездіктің куәсі болсаңыз, тәуліктің кез келген уақытында "111" нөмірі бойынша немесе "Бала қорғау" чатына хабарласуға болатынын ескертеді.
Айта кетері ата-анасы тарапынан үнемі ұрып-соғуға тап болған қыздың жағдайы туралы бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева хабарлаған.
"Ауруханаға түскен 7 жасар қызды көруге бардым. Бала үйіне қайтпау үшін аураханада қалуды сұрады. Үйінде тағы 6 бала бар, - деп жазды Зәкиева желідегі парақшасында.