https://sputnik.kz/20231127/aqtobede-gun-dauirinen-qalgan-zhuzdegen-zhadigerler-korsetildi-40454965.html
Ақтөбеде ғұн дәуірінен қалған жүздеген жәдігерлер көрсетілді
Ақтөбеде ғұн дәуірінен қалған жүздеген жәдігерлер көрсетілді
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 27 қараша - Sputnik. Ақтөбеде ғұн дәуірінен қалған жүздеген жәдігер жеті елдің ғалымдары қатысқан халықаралық конференцияда көрсетілді, деп хабарлайды... 27.11.2023, Sputnik Қазақстан
2023-11-27T07:04+0500
2023-11-27T07:04+0500
2023-11-27T07:21+0500
ескерткіш
тарих
https://sputnik.kz/img/07e4/0b/03/15371332_0:120:1280:840_1920x0_80_0_0_36a39f22c1d0133b75a92100e7bb94b7.jpg
АСТАНА, 27 қараша - Sputnik. Ақтөбеде ғұн дәуірінен қалған жүздеген жәдігер жеті елдің ғалымдары қатысқан халықаралық конференцияда көрсетілді, деп хабарлайды "Хабар 24". Олардың арасында аттың алтынмен апталған әбзелдері мен қарудың неше атасы бар. Тарихшылар "Халықтардың Ұлы қоныс аударуы қарсаңындағы далалық тайпалар" атты жиын аясында сол кезеңдегі оқиғаларды кеңінен сөз етті. Халықаралық конференция ел тарихындағы ең маңызды оқиға – Халықтардың Ұлы қоныс аударуы тақырыбында өрбігенімен, негізінен ғұндардың кезеңі туралы айтылды. Себебі шығыстан батысқа қарай көш түзеуге сол тайпаның үлесі мол болған. Ғалымдардың айтуынша, олар Еуразия кеңістігін шарлап, шығыс Еуропаға дейін жеткен.Ғұндардан өзге, көне дәуірдегі халықтардың болмысы мен мәдениетін зерттеу – бірқатар ел үшін ортақ міндет. Сондықтан ғалымдар әрі қарай да еңбек ету керектігін айтады. Бұған дейін жүргізілген ғылыми зерттеулер бойынша жазылған 2 кітаптың тұсауы осы конфернцияда кесіліп, Әлкей Марғұлан атындағы археология институтының батысқазақстандық филиалы ашылды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0b/03/15371332_0:0:1280:960_1920x0_80_0_0_2ba19aea8214bfb557b86c0289a27713.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ескерткіш, тарих
Ақтөбеде ғұн дәуірінен қалған жүздеген жәдігерлер көрсетілді
07:04 27.11.2023 (жаңартылды: 07:21 27.11.2023) АСТАНА, 27 қараша - Sputnik. Ақтөбеде ғұн дәуірінен қалған жүздеген жәдігер жеті елдің ғалымдары қатысқан халықаралық конференцияда көрсетілді, деп хабарлайды
"Хабар 24".
Олардың арасында аттың алтынмен апталған әбзелдері мен қарудың неше атасы бар. Тарихшылар "Халықтардың Ұлы қоныс аударуы қарсаңындағы далалық тайпалар" атты жиын аясында сол кезеңдегі оқиғаларды кеңінен сөз етті.
Халықаралық конференция ел тарихындағы ең маңызды оқиға – Халықтардың Ұлы қоныс аударуы тақырыбында өрбігенімен, негізінен ғұндардың кезеңі туралы айтылды. Себебі шығыстан батысқа қарай көш түзеуге сол тайпаның үлесі мол болған. Ғалымдардың айтуынша, олар Еуразия кеңістігін шарлап, шығыс Еуропаға дейін жеткен.
"Біздің заманымыздың ІІ-ІV ғасыр аралығы Моңғолия, солтүстік Қытай өңірінен қоныс аударған ғұн тайпаларының 2,5 ғасырдай уақыт бойғы негізгі тұрағы осы Қазақстан территориясы, соның ішінде батыс Қазақстан өңірі деп қазір нақты айта аламыз. Себеп осы соңғы жылдардағы 2-3 жылдық зерттеулердің нәтижесінде біз мыңға тарта ғұн дәуірінің ескерткіштерін анықтап отырмыз. Үлкен зерттеулер алдағы жылдардың еншісінде деп ойлаймын", - дейді облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры Мейрам Дүйсенғали.
Ғұндардан өзге, көне дәуірдегі халықтардың болмысы мен мәдениетін зерттеу – бірқатар ел үшін ортақ міндет. Сондықтан ғалымдар әрі қарай да еңбек ету керектігін айтады. Бұған дейін жүргізілген ғылыми зерттеулер бойынша жазылған 2 кітаптың тұсауы осы конфернцияда кесіліп, Әлкей Марғұлан атындағы археология институтының батысқазақстандық филиалы ашылды.