Әлемдегі ең айрықша орындардағы зираттар – фото
Пок Фу Лам зираты – 1882 жылы Гонконг маңындағы Пок Фу Лам төбелерінде құрылған қытайлық христиан қорымы. Ол таудың баурайында салынған және алып амфитеатрға ұқсайды.

АҚШ-тағы Арлингтон ұлттық зиратында соғыс ардагерлері мен олардың отбасы мүшелерін, АҚШ Қарулы күштерінде қызмет еткен әскери қызметкерлерді, отставкадағы әскери қызметкерлерді, президенттерді, жоғарғы сот төрағалары мен мүшелерін, сондай-ақ мемлекеттік марапаттары бар адамдарды жерлеуге рұқсат етілген.
Мұнда екі президент – Уильям Тафт пен Джон Кеннедидің бейіттері орналасқан.

Филиппиннің Сагада қаласында ілулі тұрған табыттар. Филиппиннің шағын ауылы жерлеу рәсімдерін ұйымдастырудың ерекше әдісімен танымал болды. Олар адамдарды ағаш табыттарға жерленген, бірақ адамдар өзін жерлеуге арналған табытты тірі кезінде дайындаған. Оны тақтайдан құрастыру әдісімен емес, қатты ағаш діңінен ойып дайындаған. Жергілікті халықтардың наным-сеніміне сәйкес, әуеде жерлеу марқұмды Құдайға жақындатады.

Чимитирул-Весел – румын тілінен аударғанда "көңілді зират" дегенді білдіреді.
Алғашқы түрлі-түсті ағаш құлпытастар Сэпынцада 1930 жылдары пайда болды. Жергілікті суретші және мүсінші Стан Йон Петраш марқұмдардың өмірінде болған оқикаларды күлкілі бейнелеп, олар туралы әзіл-қалжың аралас баяндаған.

Мысырдың Луксор қаласындағы Патшалар алқабына әлемдегі ең беделді зираттардың тізімінде бірінші орынды беруге болады: мұнда тек перғауындар, жоғары лауазымды адамдар және олардың туыстары жерленген.

Реколета – Буэнос-Айрестегі алғашқы қоғамдық зират және оны Аргентинаның жүздеген ұлттық ескерткіші бар сәулет қаласы деп атауға болады.

Париж катакомбалары — 800 гектардан астам аумақты алып жатқан көне жүйенің бөлігі, Франция астанасының астындағы ежелгі римдік тас қашау орнындағы жерасты тоннельдерінің желісі.
XVIII ғасырдың аяғынан ХІХ ғасырдың ортасына дейін мұнда 6 миллионға жуық адамның сүйегі әкелінді. Жер асты қорымының жалпы ауданы 11 000 шаршы метрді құрайды.

Нептун мемориалдық рифі 2007 жылы АҚШ-тың Майами қаласында ашылды. Бұл су астындағы колумбарий, әлемдегі ең үлкен жасанды риф. Ол шамамен 12 метр тереңдікте 60 000 шаршы метрден астам мұхит түбін қамтиды.

Ан-Наджафтағы "Бейбітшілік алқабы" деп аударылған Вади ас-Салам зираты 601,16 гектар аумақты алып жатыр және 5 миллионнан астам қабірді қамтиды. 1400 жыл бойы мұнда күн сайын жерлеу рәсімі жүргізіледі.

Маникарника Гат – Үндістанның киелі Варанаси қаласындағы марқұм болғандарға қатысты әдет-ғұрып жүргізілетін жағалау. Маникарника – Варанасидегі ең әйгілі гхаттардың бірі, мұнда қасиетті Ганг өзенінің жағасында кремациялар өткізіледі.

Солтүстік Осетиядағы "Өлілер қаласы" – жүзге жуық тас мазардан тұратын қорым. Берік қаланғандықтан, жақсы сақталған ғимараттардың сүйір пішінді шатыры еңіс бойымен шашырай орналасқан тұрғын үйлерге ұқсатады. Мұнда марқұмдарды о дүниеде қажет болады деген дүние-мүлікпен бірге әкелген.

Прагадағы ескі еврей зираты әйгілі Староместск алаңының солтүстігінде орналасқан. Ұзақ уақыт бойы Прагадағы еврейлерде өлген адамдарды геттодан тыс жерде жерлеуге құқығы болмады. Сондықтан үш ғасырдан астам уақыт бойы марқұм болған мыңдаған адамдар шағын аумаққа жерленді.