Қазақстандық әскери қызметші джиу-джитсудан әлем чемпионы атанды

© Photo : ҚР Қорғаныс министрлігіҚазақстандық әскери қызметші Мерхат Тұяқов джиу-джитсудан әлем чемпионы атанды
Қазақстандық әскери қызметші Мерхат Тұяқов джиу-джитсудан әлем чемпионы атанды  - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.11.2023
Жазылу
Жерлесіміз алтын жүлде үшін ресейлік спортшымен белдескен
АЛМАТЫ, 26 қараша - Sputnik. Қазақстандық әскери қызметші джиу-джитсудан әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды қорғаныс министрлігі.
Абай гарнизоны 28738 әскери бөлімінің әскери қызметшісі кіші сержант Мерхат Тұяқов Біріккен Араб Әмірліктерінің астанасы Әбу-Дабиде өткен джиу-джитсудан халықаралық турнирде әлем чемпионы атанды. Чемпионатқа Ресей, Бразилия, Уругвай, Біріккен Араб Әмірліктері, Иран және Оңтүстік Корея спортшылары қатысты.
"85 келі салмақ дәрежесінде күш сынасқан қазақстандық спортшы жеті белдесу өткізіп, оның барлығында айқын басымдықпен жеңіске жетті. Татамиде ол Ресей, Бразилия, Уругвай, Біріккен Араб Әмірліктері, Иран және Оңтүстік Корея спортшыларымен кездесіп, бәрін тізе бүктірді", - деп жазды ведомство.
Төрт қарсыласын мерзімінен бұрын жеңсе, қалған үш спортшыны ұпай санымен ұтқан жерлесіміз алтын жүлде үшін ресейлік спортшымен белдескен. Оны да шаң қақтырған.
Мерхат Тұяқов джиу-джитсу күресімен бес жылдан бері айналысады. Алайда осындай әлемдік додадаға алғаш рет қатысқан. Бұған дейін ол еркін күрес, қоян-қолтық ұрыс сынды спорт түрлерімен айналысқан.
Жаңалықтар
0