https://sputnik.kz/20231126/qazaqstan-kanar-araldarynda-qurmetti-konsuldyq-ashty-40435930.html
Қазақстан Канар аралдарында құрметті консулдық ашты
Қазақстан Канар аралдарында құрметті консулдық ашты
Sputnik Қазақстан
Консулдық жұмысының басым бағыты Қазақстан азаматтарының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау болады 26.11.2023, Sputnik Қазақстан
2023-11-26T09:13+0500
2023-11-26T09:13+0500
2023-11-26T09:19+0500
қазақстан
https://sputnik.kz/img/919/28/9192855_0:0:3073:1728_1920x0_80_0_0_b0ba42b20d8f359076eb2d58e3a75f4b.jpg
АСТАНА, 26 қараша - Sputnik. Қазақстанның Испаниядағы елшісі Данат Мұсаевтың Канар аралдары автономиялық қауымдастығына жұмыс сапары барысында құрметті консулдықтың салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлады Қазақстанның сыртқы істер министрлігі. Сапар басында қазақстандық дипломат Канар аралдары үкіметінің төрағасы Фернандо Клавихомен және Испания үкіметінің Канар аралдарындағы өкілі Мария Тереза Майанспен келіссөздер жүргізді.Кездесу барысында өңірлік ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды.Сондай-ақ сапар барысында Қазақстан елшісі сауда-өнеркәсіп палатасымен бірлесіп ұйымдастырылған "дөңгелек үстелге" қатысты. Іс-шара аясында елші іскер топтар өкілдерінің назарын екі елдің өңірлері арасындағы экономикалық өзара іс-қимылды дамытудың басымдығына, сондай-ақ Еуропа мен Азия арасындағы жүктерді тасымалдау үшін еліміздің транзиттік әлеуетін пайдалануға аударды.Сапардың басты іс-шарасы Канар аралдарында ҚР құрметті консулдығының салтанатты ашылу рәсімі болды. Қазақстанның өңірдегі өкілдігін Атлантика директивалық институтының халықаралық сауда және халықаралық экономика профессоры Рафаэль Хуан Молина Петит басқарды. Ол бұрын Канар аралдарының экономика министрлігі мен өнеркәсіп, сауда және туризм министрлігінде басшы лауазымдарында қызмет атқарған.Құрметті консулға, ең алдымен, өңір мен Қазақстан арасындағы экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайтуда маңызды рөл беріледі. Бұл ретте Испания азаматтары асырап алған қазақстандық балалармен байланысты қолдауға ерекше назар аударылады.Айта кететін жәйт, бүгінгі күні Испания Корольдігінде әр аймақта орналасқан 4 құрметті консулдық қызмет етуде.
қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/919/28/9192855_170:0:2901:2048_1920x0_80_0_0_c4a6da6a88de697663ad69131aa80d2c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазақстан
Қазақстан Канар аралдарында құрметті консулдық ашты
09:13 26.11.2023 (жаңартылды: 09:19 26.11.2023) Консулдық жұмысының басым бағыты Қазақстан азаматтарының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау болады
АСТАНА, 26 қараша - Sputnik. Қазақстанның Испаниядағы елшісі Данат Мұсаевтың Канар аралдары автономиялық қауымдастығына жұмыс сапары барысында құрметті консулдықтың салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлады Қазақстанның сыртқы істер министрлігі.
Сапар басында қазақстандық дипломат Канар аралдары үкіметінің төрағасы Фернандо Клавихомен және Испания үкіметінің Канар аралдарындағы өкілі Мария Тереза Майанспен келіссөздер жүргізді.
Кездесу барысында өңірлік ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды.
Сондай-ақ сапар барысында Қазақстан елшісі сауда-өнеркәсіп палатасымен бірлесіп ұйымдастырылған "дөңгелек үстелге" қатысты. Іс-шара аясында елші іскер топтар өкілдерінің назарын екі елдің өңірлері арасындағы экономикалық өзара іс-қимылды дамытудың басымдығына, сондай-ақ Еуропа мен Азия арасындағы жүктерді тасымалдау үшін еліміздің транзиттік әлеуетін пайдалануға аударды.
Сапардың басты іс-шарасы Канар аралдарында ҚР құрметті консулдығының салтанатты ашылу рәсімі болды. Қазақстанның өңірдегі өкілдігін Атлантика директивалық институтының халықаралық сауда және халықаралық экономика профессоры Рафаэль Хуан Молина Петит басқарды. Ол бұрын Канар аралдарының экономика министрлігі мен өнеркәсіп, сауда және туризм министрлігінде басшы лауазымдарында қызмет атқарған.
Құрметті консулға, ең алдымен, өңір мен Қазақстан арасындағы экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайтуда маңызды рөл беріледі. Бұл ретте Испания азаматтары асырап алған қазақстандық балалармен байланысты қолдауға ерекше назар аударылады.
Айта кететін жәйт, бүгінгі күні Испания Корольдігінде әр аймақта орналасқан 4 құрметті консулдық қызмет етуде.