Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Купянск бағытында екі шабуылға тойтарыс берілді

© Sputnik / Станислав Красильников / Медиабанкке өтуБоевая работа расчетов РСЗО БМ-21 "Град" гвардейского мотострелкового полка ЦВО на Краснолиманском направлении СВО
Боевая работа расчетов РСЗО БМ-21 Град гвардейского мотострелкового полка ЦВО на Краснолиманском направлении СВО - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.11.2023
Жазылу
АСТАНА, 26 қараша - Sputnik. Купянск бағытындағы ұрыста "Запад" әскерлер тобының бөлімшелері қарсыластың екі шабуылына авиация мен артиллерия арқылы тойтарыс берді, деп хабарлады РИА Новости.
Синковка ауданында жаудың 14-ші механикаландырылған және 57-ші ату мотоатқыштар бригадасына соққы жасалды. Қарсы тарап 152 мм D-20 гаубицасына, 122 мм D-30 гаубицасына және екі көлікке шығынданды.
Запорожье бағытында ресейлік "Днепр" әскерлер тобының бөлімшелері Украинаның 117-ші механикаландырылған бригадасының екі шабуылына авиация және артиллерия арқылы тойтарыс берді. Әскери қақтығыс Запорожье облысы Новопрокоповка елді мекенінің солтүстігінде болды. Сондай-ақ Рабино елді мекенінің аумағында қарсыластың 33-ші және 65-ші механикаландырылған бригадаларының техникасы жойылды.
Қарсы тарап екі танк, екі броньды машина, үш автокөлік, сондай-ақ М-46 зеңбірегінен айырылды.
Херсон бағытындағы қақтығыста Украинаның екі көлігі шығынға ұшырады. Батареяға қарсы күрес кезінде "МСТА-в" гаубицасы мен "Гиацинт-в" зеңбірегінен айырылды.
Жаңалықтар
0