https://sputnik.kz/20231126/izrail-men-khamas-tagy-da-tutqyn-almasty-40439453.html
Израиль мен ХАМАС тағы да тұтқын алмасты
Израиль мен ХАМАС тағы да тұтқын алмасты
Sputnik Қазақстан
Al Jazeera Израиль түрмелерінен босатылған палестиналықтардың кездесуін тікелей эфирде көрсетті 26.11.2023, Sputnik Қазақстан
2023-11-26T11:27+0500
2023-11-26T11:27+0500
2023-11-26T11:39+0500
израиль
https://sputnik.kz/img/07e7/0b/1a/40435608_0:182:3072:1910_1920x0_80_0_0_d32fc0f38baae7d5a7f0376a46fa7c2c.jpg
АСТАНА, 26 қараша - Sputnik. Палестиналық ХАМАС қозғалысы мен Израиль жексенбіге қараған түні кепілге алынған тұтқындарды екінші рет алмасты, деп хабарлайды РИА Новости.Хамас Израильді Газа секторының солтүстік бөлігіне гуманитарлық көмек әкелуге тосқауыл қойды деп айыптады. Сол сәт жағдай ушыққан. Катардың делдалдары бұл кереғар жайтты шешті. Олардың мәліметтері бойынша, кепілге алынған 13 израильдік, 39 палестиналық тұтқын, сондай-ақ ХАМАС келісім шеңберінен тыс жіберген 7 шетелдік босатылды.Хамас Астана уақытымен сағат 03.00-ден кейін Қызыл Крестке "Рафах" бақылау-жіберу пунктінен кепілге алынған 13 израильдік пен жеті шетелдікті тапсырғанын мәлімдеді.Бір сағаттан кейін Израиль армиясы бұрын тұтқында болып, босатылған адамдардың жетеуі жасөспірімдер мен балалар екенін айтты. Сондай-ақ Израильде Газа секторынан Таиландтың төрт азаматы келді, Хамастың айтуынша, олар "Түркия президентінің күш-жігеріне жауап ретінде" осы елден шығарылған соңғы тұтқындар.Израиль түрмелерден палестиналық тұтқындардың екінші тобын шығарды. Олар мінген автобус Астана уақытымен сағат 05.30 шамасында Иордан өзенінің батыс жағалауындағы Бейтуния қаласына келді.Al Jazeera телеарнасы олардың қаладағы кездесулерін тікелей эфирде көрсетті. Кадрларда көшелерді басып қалған жүздеген адамдарды көруге болады. Олардың арасында тұтқыннан босатылғандардың туыстары да бар.Израиль мен ХАМАС Катарға қақтығыс ушыққан 7 қазаннан бері алғашқы ауқымды келісімге қол жеткізді: ол - тараптар екі жақтағы кепілге алынған тұтқындарды алмасу үшін әскери қақтығысты 4 күнге тоқтата тұру туралы келісім.
израиль
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/0b/1a/40435608_341:0:3072:2048_1920x0_80_0_0_28fe54246cc6bac2b676d92f5b93fc67.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
израиль
Израиль мен ХАМАС тағы да тұтқын алмасты
11:27 26.11.2023 (жаңартылды: 11:39 26.11.2023) Al Jazeera Израиль түрмелерінен босатылған палестиналықтардың кездесуін тікелей эфирде көрсетті
АСТАНА, 26 қараша - Sputnik. Палестиналық ХАМАС қозғалысы мен Израиль жексенбіге қараған түні кепілге алынған тұтқындарды екінші рет алмасты, деп хабарлайды РИА Новости.
Хамас Израильді Газа секторының солтүстік бөлігіне гуманитарлық көмек әкелуге тосқауыл қойды деп айыптады. Сол сәт жағдай ушыққан. Катардың делдалдары бұл кереғар жайтты шешті. Олардың мәліметтері бойынша, кепілге алынған 13 израильдік, 39 палестиналық тұтқын, сондай-ақ ХАМАС келісім шеңберінен тыс жіберген 7 шетелдік босатылды.
Хамас Астана уақытымен сағат 03.00-ден кейін Қызыл Крестке "Рафах" бақылау-жіберу пунктінен кепілге алынған 13 израильдік пен жеті шетелдікті тапсырғанын мәлімдеді.
Бір сағаттан кейін Израиль армиясы бұрын тұтқында болып, босатылған адамдардың жетеуі жасөспірімдер мен балалар екенін айтты. Сондай-ақ Израильде Газа секторынан Таиландтың төрт азаматы келді, Хамастың айтуынша, олар "Түркия президентінің күш-жігеріне жауап ретінде" осы елден шығарылған соңғы тұтқындар.
Израиль түрмелерден палестиналық тұтқындардың екінші тобын шығарды. Олар мінген автобус Астана уақытымен сағат 05.30 шамасында Иордан өзенінің батыс жағалауындағы Бейтуния қаласына келді.
Al Jazeera телеарнасы олардың қаладағы кездесулерін тікелей эфирде көрсетті. Кадрларда көшелерді басып қалған жүздеген адамдарды көруге болады. Олардың арасында тұтқыннан босатылғандардың туыстары да бар.
Израиль мен ХАМАС Катарға қақтығыс ушыққан 7 қазаннан бері алғашқы ауқымды келісімге қол жеткізді: ол - тараптар екі жақтағы кепілге алынған тұтқындарды алмасу үшін әскери қақтығысты 4 күнге тоқтата тұру туралы келісім.