Түркістандағы халықаралық форумда құны 1 трлн теңгеден асатын меморандумға қол қойылды

© Sputnik / Абзал КалиевТеңге, монета
Теңге, монета - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.11.2023
Жазылу
Іс-шараның мақсаты – өңірге шетелдік инвестиция тарту
АЛМАТЫ, 25 қараша – Sputnik. Түркістанда "Түркістан: туризм, инвестициялар, экономика" TIF'23 халықаралық экономикалық форумы аясында жалпы сомасы 1 трлн 55 млрд теңгеге 20-ға жуық меморандумға қол қойылды, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Қазақстан, Ресей, Қытай, Түркия және басқа да елдердің ірі компанияларының өкілдері құжаттарға қол қойған. Атап айтқанда, бұл фосфат кендерін қайта өңдеу зауытын салу, экспорттық агроөнеркәсіптік кластер құру, индустриялық парк салу, түсті кендерді және металлургия өндірісінің өнеркәсіптік қалдықтарын қайта өңдеу жөніндегі байыту комбинатын іске қосу және тағы басқа меморандумдар.
Форум алдында инвесторлар мен кәсіпкерлер Түркістан облысының өнеркәсіп алаңдарына барып, өндірістік қуаттар таныстырылып, өңірдің инвестициялық мүмкіндіктері туралы айтылды.
"Форумда инвесторларға перспективалы инвестициялық жобалармен және оларды өңірде іске асыру шарттарымен танысуға бірегей мүмкіндік беріледі", - делінген хабарламада.
Іс-шараның мақсаты – экономикалық өсуді ынталандыру, инфрақұрылымды дамыту, жаңа жұмыс орындарын құру, технологиялық жаңару және жергілікті бизнестің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында өңірге шетелдік инвестиция тартуға жәрдемдесу.
Жаңалықтар
0