Өзбекстан сенаты Қазақстанмен одақтастық қатынастар туралы шартты ратификациялады

© Photo : пресс-служба министерства обороны РКҚазақстан мен Өзбекстанның тулары
Қазақстан мен Өзбекстанның тулары - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.11.2023
Жазылу
Келісім Шавкат Мирзиёевке қол қоюға жіберілді
АЛМАТЫ, 25 қараша – Sputnik. Өзбекстан сенаты сенбі күні пленарлық отырыста Қазақстанмен одақтастық қатынастар туралы шартты ратификациялау туралы заңды мақұлдады, деп хабарлайды республика парламентінің ақпарат қызметі.
Шартқа 2022 жылғы 22 желтоқсанда Ташкентте Өзбекстан мен Қазақстан президенттері Шавкат Мирзиеев пен Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.
"Сенат" Өзбекстан мен Қазақстан Республикасы арасындағы одақтастық қатынастар туралы шартты ратификациялау туралы" заңды мақұлдады", - делінген жоғарғы палатаның сайтындағы хабарламада. Заң Өзбекстан президентіне қол қоюға жіберілді.
Келісім сыртқы саясат, қорғаныс және қауіпсіздік, көші-қон, өндірістік кооперацияны дамыту, трансшекаралық су ресурстарын тиімді пайдалану бойынша бірлескен шаралар қабылдау, парламенттер, саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдар арасындағы байланысты нығайту салаларында тығыз ынтымақтастық орнатуды көздейді.
Екі елдің парламент отырысында сауда-экономикалық, көлік, аграрлық, мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастық және су дипломатиясы мәселесі талқыланды.
2022 жылдың қорытындысы бойынша екі ел арасында тауар айналымы рекордтық 5 млрд долларға жетті. Енді оны 10 млрд-қа дейін жеткізу мақсаты қойылып отыр.
Перспективалы бірлескен жобалардың бірі - "Орталық Азия" халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығының құрылысы, ол аймақтағы ең ірі сауда-өнеркәсіп хабы болады.
Сондай-ақ Қазақстан парламенті өкілдері Өзбекстан бастама етіп көтерген "Мазари-Шариф – Кабул – Пешавар" және "Беларусь – Ресей– Қазақстан – Өзбекстан – Ауғанстан – Пәкістан" мультимодальды дәлізі арқылы темір жол салу бастамасын қолдады.
Жаңалықтар
0