Астанада такси жүргізуші шетелдіктен 45 мың теңге алған

© Sputnik / Наталья Селиверстова / Медиабанкке өтуАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.11.2023
Жазылу
Полиция қызметкерлері шетелдікті алдаған таксопарктердің бірінің жүргізушісін ұстады
АЛМАТЫ, 25 қараша – Sputnik. Астанада такси жүргізуші әуежайдан қонақ үйге жеткізгені үшін шетелдіктен 45 мың теңге алған, деп хабарлады Polisia.kz.
"22 қарашада 102 арнасына "Дипломат" қонақ үйінің әкімшісінен хабарлама келіп түсті. Ол такси жүргізуші Үндістан азаматынан Астана әуежайынан қонақ үйге жеткізгені үшін 45 000 теңге алғанын айтты", - дейді ведомство.
Полиция департаментінің қызметкерлері шетелдікті алдаған таксопарктердің бірінің жүргізушісін ұстады. Ол өз кінәсін мойындап, залалды толық көлемде өтеген.
Құқық бұзушыға қатысты ӘҚБтК-нің 190-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. Сондай-ақ таксопарктің атына осындай құқық бұзушылықтарды жою туралы ұсыныс жіберілді.
Жаңалықтар
0