Алматы облысында 19 тұрғын үй заңсыз салынған

© Sputnik / Владислав ВодневАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.11.2023
Жазылу
Жалпы 26 құрылыс салушы 9 млн теңгеден астам айыппұл төледі
АЛМАТЫ, 25 қараша – Sputnik. Алматы облысының прокурорлары рұқсаты жоқ көппәтерлі 19 тұрғын үйді анықтады, деп хабарлады облыстық прокуратура.
"Қонаев қаласы мен Қарасай, Талғар аудандарында 19 көппәтерлі тұрғын үйдің бастапқы материалдары кері қайтарылды, яғни құрылыс басталғанға дейін процесс тоқтатылды. Құрылыс салушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - дейді ведомство.
Тіпті құрылыс салушылардың Қаскелең қаласындағы өзен арнасын заңсыз өзгертіп, "Orda Town" көппәтерлі тұрғын үй құрылысын бастаған.
Қазіргі күні құрылысты бұзу мәселесі қаралып жатыр.
"Ал Талғар ауданында құрылысқа рұқсат құжаттары жоқ 21 коммерциялық нысан анықталды. Бесағаш кентінде Алматы-Қорғас негізгі тас жолының бойында жеке тұлға сауда орталығының құрылысын бастаған", - дейді прокуратруа.
Құрылыс фактілері бойынша облыстың 3 ауданының және Қонаев қаласының 26 құрылыс салушысы 9 млн теңгеден астам айыппұл төледі.
Жаңалықтар
0