https://sputnik.kz/20231124/zhanadan-salynatyn-alatau-qalasy-khalyqaralyq-biznes-khabqa-aynalady-40402077.html
Жаңадан салынатын Алатау қаласы халықаралық бизнес хабқа айналады
Жаңадан салынатын Алатау қаласы халықаралық бизнес хабқа айналады
Sputnik Қазақстан
Шаһар аумағында ерекше құқықтық режим, оның ішінде АХҚО құқығын енгізу мүмкіндігі қаралады 24.11.2023, Sputnik Қазақстан
2023-11-24T14:28+0500
2023-11-24T14:28+0500
2023-11-24T14:28+0500
"астана" қаржы орталығы
қала
https://sputnik.kz/img/07e7/08/0d/37645979_0:120:1280:840_1920x0_80_0_0_ea066546bf4c215978c0b8d3211d360f.jpg
АСТАНА, 23 қараша – Sputnik. Алматы облысында салынатын Алатау қаласы отандық және шетелдік инвестицияларды тарта отырып, жаһандық стандарттар бойынша жұмыс істейтін Халықаралық бизнес хабқа айналуға тиіс. Бұл ретте Дубай, Сингапур, Тяньцзинь және т.б. сияқты әлемнің әйгілі орталықтарын құру тәжірибесі негізге алынбақ, деп хабарлады премьердің баспасөз қызметі.Алатау шаһарының (G4 City) құрылысы жобасын іске асыру мәселелері үкіметте талқыланды. Қаланы дамыту Қытаймен және Орталық Азия елдерімен сауда және инвестициялық өзара іс-қимыл деңгейін арттыруға, бірқатар жаңа өндірістік және коммерциялық жобаны іске қосуға, түрлі салаларда озық тәжірибені енгізуге мүмкіндік береді.Сонымен қатар Алатау қаласының аумағында ерекше құқықтық режим, оның ішінде "Астана" халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) құқығын енгізу мүмкіндігі қаралады.Отырыста бұдан басқа бизнеспен өзара іс-қимыл кезінде, атап айтқанда, мемлекеттік-жекешелік серіктестік тетігі арқылы қажетті инфрақұрылым құрылысын жандандыру қажеттігі айтылды.Бұған дейін Алатау қаласы құрылатыны хабарланған болатын, "Ашық құқықтық актілер" сайтында премьер-министр қаулысының жобасы жарияланды. Қала Алматы мен Қонаев арасында орналасады.Құжат 29 қарашаға дейін қоғамдық талқылауда болады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/08/0d/37645979_0:0:1280:960_1920x0_80_0_0_ba40ec1e3a19c94b72dea9d5e10de4e1.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
"астана" қаржы орталығы, қала
"астана" қаржы орталығы, қала
Жаңадан салынатын Алатау қаласы халықаралық бизнес хабқа айналады
Шаһар аумағында ерекше құқықтық режим, оның ішінде АХҚО құқығын енгізу мүмкіндігі қаралады
АСТАНА, 23 қараша – Sputnik. Алматы облысында салынатын Алатау қаласы отандық және шетелдік инвестицияларды тарта отырып, жаһандық стандарттар бойынша жұмыс істейтін Халықаралық бизнес хабқа айналуға тиіс. Бұл ретте Дубай, Сингапур, Тяньцзинь және т.б. сияқты әлемнің әйгілі орталықтарын құру тәжірибесі негізге алынбақ, деп хабарлады премьердің баспасөз қызметі.
Алатау шаһарының (G4 City) құрылысы жобасын іске асыру мәселелері үкіметте талқыланды. Қаланы дамыту Қытаймен және Орталық Азия елдерімен сауда және инвестициялық өзара іс-қимыл деңгейін арттыруға, бірқатар жаңа өндірістік және коммерциялық жобаны іске қосуға, түрлі салаларда озық тәжірибені енгізуге мүмкіндік береді.
"Осы мақсатта инвестициялар тарту және кәсіпкерлік қызметті жүргізу үшін қолайлы жағдайлар жасалып, ынталандыру шаралары қолға алынады. Бұл салық және кедендік артықшылықтарға да қатысты", - деп жазылған хабарламада.
Сонымен қатар Алатау қаласының аумағында ерекше құқықтық режим, оның ішінде "Астана" халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) құқығын енгізу мүмкіндігі қаралады.
Отырыста бұдан басқа бизнеспен өзара іс-қимыл кезінде, атап айтқанда, мемлекеттік-жекешелік серіктестік тетігі арқылы қажетті инфрақұрылым құрылысын жандандыру қажеттігі айтылды.
Бұған дейін Алатау қаласы құрылатыны хабарланған болатын, "Ашық құқықтық актілер" сайтында премьер-министр қаулысының жобасы жарияланды. Қала Алматы мен Қонаев арасында орналасады.
Құжат 29 қарашаға дейін қоғамдық талқылауда болады.