https://sputnik.kz/20231124/semeydegi-zhylu-qazandyqtary-67-mln-tenge-shygynga-batqan--tergeu-zhurip-zhatyr-40398670.html
Семейдегі жылу қазандықтары 67 млн теңге шығынға батқан – тергеу жүріп жатыр
Семейдегі жылу қазандықтары 67 млн теңге шығынға батқан – тергеу жүріп жатыр
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 24 қараша – Sputnik. Семейде 3 қазандық 67 млн теңге шығынға батқан, деп хабарлайды қаржы мониторинг агенттігі. 24.11.2023, Sputnik Қазақстан
2023-11-24T13:48+0500
2023-11-24T13:48+0500
2023-11-24T13:48+0500
семей
жылу электр орталығы
https://sputnik.kz/img/07e7/0a/13/39509432_0:324:2489:1724_1920x0_80_0_0_5dc07859fa6f8f6f0e39f36a52af20bb.jpg
АЛМАТЫ, 24 қараша – Sputnik. Семейде 3 қазандық 67 млн теңге шығынға батқан, деп хабарлайды қаржы мониторинг агенттігі.Бюджет қаражаты 2022 жылы қала қазандықтарын жөндеуге бөлінген. Алайда, 1934 жылы пайдалануға берілген жылу орталығы тозып, әлі күнге дейін қыста жылу энергиясын қалаға дұрыс жеткізе алмай тұр. Мамандардың айтуынша, жылыту маусымы кезінде қазандықтарда орта есеппен тәулігіне 3 рет ауытқу болады.Жалпы, қалада 1 ЖЭО, сондай-ақ 17 қазандық және 72 жылу пункті жұмыс істейді.Заңсыз иемдену немесе жымқыру, яғни басқа біреудің мүлкін ұрлау деген күдікпен мердігер компанияның директорына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр."Қылмыстық іс аясында 14 объектіні тексеру басталды, оларға мердігер компания 1,2 млрд теңгеге жөндеу жұмыстарын жүргізген. Сотқа дейінгі тергеуден соң мердігер Шульбинск кентінде құны 32 млн теңге болатын қазандықтың экономайзерін ауыстырып, іске қосты. Былтыр ол пайдаланылған құрылғыны жаңа құрылғы ретінде орнатқан", - дейді агенттік.Нәтижесінде 1,3 мыңнан астам абоненттің құқы қорғалды.Сондай-ақ жылу жүйесіне 8 бюджеттік ұйым, 4 әлеуметтік нысан, 24 коммуналдық кәсіпорын қосылды.
семей
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/0a/13/39509432_0:91:2489:1958_1920x0_80_0_0_b33ecef1fc7162c22d8718c851c0ea25.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
семей, жылу электр орталығы
семей, жылу электр орталығы
АЛМАТЫ, 24 қараша – Sputnik. Семейде 3 қазандық 67 млн теңге шығынға батқан, деп хабарлайды қаржы мониторинг агенттігі.
Бюджет қаражаты 2022 жылы қала қазандықтарын жөндеуге бөлінген. Алайда, 1934 жылы пайдалануға берілген жылу орталығы тозып, әлі күнге дейін қыста жылу энергиясын қалаға дұрыс жеткізе алмай тұр. Мамандардың айтуынша, жылыту маусымы кезінде қазандықтарда орта есеппен тәулігіне 3 рет ауытқу болады.
Жалпы, қалада 1 ЖЭО, сондай-ақ 17 қазандық және 72 жылу пункті жұмыс істейді.
"Жылу берудегі дәл осындай проблемалар Аягөз және Курчатов қалаларында да тіркеліп жатыр, мұнда жылу желілері 53% және 35% тозған", - дейді ведомство.
Заңсыз иемдену немесе жымқыру, яғни басқа біреудің мүлкін ұрлау деген күдікпен мердігер компанияның директорына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
"Қылмыстық іс аясында 14 объектіні тексеру басталды, оларға мердігер компания 1,2 млрд теңгеге жөндеу жұмыстарын жүргізген. Сотқа дейінгі тергеуден соң мердігер Шульбинск кентінде құны 32 млн теңге болатын қазандықтың экономайзерін ауыстырып, іске қосты. Былтыр ол пайдаланылған құрылғыны жаңа құрылғы ретінде орнатқан", - дейді агенттік.
Нәтижесінде 1,3 мыңнан астам абоненттің құқы қорғалды.
Сондай-ақ жылу жүйесіне 8 бюджеттік ұйым, 4 әлеуметтік нысан, 24 коммуналдық кәсіпорын қосылды.