Қытай әуе компаниялары екі ел арасындағы рейстер санын ұлғайтады

© Sputnik / Владислав ВодневСамолет в небе
Самолет в небе - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.11.2023
Жазылу
2024 жылғы көктем-жаз кезеңінде екі ел арасындағы рейстер саны аптасына 30 рейске дейін артады деп күтілуде
АЛМАТЫ 24 қараша - Sputnik. China Southern Airlines әуекомпаниясы 2024 жылғы 23 қаңтардан бастап аптасына 3 рейс жиілігімен Алматы – Бейжің бағыты бойынша рейстер ашуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Азаматтық авиация комитеті.
Сонымен қатар сұраныс артқан кезде China Southern Airlines әуекомпаниясы Алматы қаласынан Үрімші және Сиань қалаларына, сондай-ақ Астана қаласынан Үрімші қаласына 2024 жылдың көктемгі-жазғы маусымынан бастап қолданыстағы бағыттар бойынша рейстер санын ұлғайту мүмкіндігін қарастыруға дайын.
"Өз кезегінде Loong Airlines әуекомпаниясы биыл желтоқсан айында Алматы – Ханчжоу бағыты бойынша орындалатын рейстер санын аптасына 3 рейстен 4 рейске дейін арттыруды жоспарлап отыр. Келесі жылы жолаушылар ағыны артқан жағдайда әуе компаниясы рейстер санын аптасына 7-ге дейін арттыруды көздейді", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ әуекомпания 2024 жылы Астана – Ханчжоу, Астана – Ченду және Алматы-Ченду әуе бағыттары бойынша рейстерді ашу мәселесін пысықтап жатыр. Air China әуекомпаниясы да Астана – Сиань – Пекин бағыты бойынша орындалатын рейстер санын аптасына 2-ден 3-ке дейін ұлғайту мәселесін қарастырып жатқанын хабарлады.
Бұл ретте әуекомпания Сиань қаласына қонбай, екі астана арасында аптасына үшінші рейсті тікелей орындау мәселесін де қарастыратын болады.
Жалпы 2024 жылғы көктем-жаз кезеңінде екі ел арасындағы рейстер саны қолданыстағы және жаңа әуе бағыттары бойынша аптасына 30 рейске дейін артады деп күтілуде.
Жаңалықтар
0