Қазақстандықтар 100 келі алтын сатып алды – ұлттық банк ең қалталы аймақты жариялады

Золотые слитки  - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.11.2023
Жазылу
Әрбір құйма қорғау элементтерімен қапталған және арнайы қорапқа салынып шығады
АСТАНА, 24 қараша – Sputnik. Ұлттық банк қазан айында сатылған алтын құймалардың көлемін және оны ең көп сатып алған аймақтардың тізімін жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгінде алтын құймалар екінші деңгейлі банктер мен банктік емес жекелеген айырбастау пунктерінде сатылады. Қазан айында тағы 102,3 келі болатын 2 881 алтын құйма сатылды.
Алтын құймалар ең көп сатылған өңірлер:
Алматы - 1 465 дана (51%);
Шымкент - 504 дана (17%)
Астана - 257 дана (9%);
"Алтын құймалар сенімді инвестиция құралы бола алады. Алтын құймалар нарығындағы өтімділіктің басты кепілі – банк пен банктік емес айырбастау пунктері алтын құймалардың құнын сол мезетте өтей отырып клиенттен кері сатып ала алады. Осы уақытқа дейін жалпы салмағы 686,7 келі 26 385 өлшенген құйма кері сатып алынды. Бұл – жалпы сатылған алтынның 18 прцоенті. Кері сатып алынған алтын құймалардың барлығы ұлттық банктің филиалдары арқылы халыққа қайта тапсырусыз сатылады", - дейді мамандар.
Әрбір құйма қорғау элементтерімен қапталған және арнайы қорапқа салынып шығады. Сол арқылы құйманың ашылған, я ашылмағанын оңай тексеруге болады. Қораптың өзі сапа сертификаты болып саналады. Сондықтан алтын құйманы ұқыпты сақтап, қорабын бүлдірмеу керек.
Айта кетері, халыққа тазартылған алтын құймаларды сату және сатып алу бағдарламасы 2017 жылы іске қосылған болатын. Содан бері жалпы салмағы 5,0 тонна 143 745 алтын құйма сатылды.
Қазіргі кезде алтын құймаларды Halyk Bank, Еуразиялық Банк, Jusan Bank, ЦентрКредит Банкі, сондай-ақ банктік емес жекелеген айырбастау пунктерінен сатып алуға болады.
Алтын құймалар бес түрлі салмақта ұсынылады. Олар - 5, 10, 20, 50 және 100г. Қазақстандықтар 10 грамдық алтын құйма жиі алады.
Жаңалықтар
0