https://sputnik.kz/20231124/qazaqstanda-655-algashqy-meditsinalyq-komek-korsetu-nysany-ashylady-40420859.html
Қазақстанда 655 алғашқы медициналық көмек көрсету нысаны ашылады
Қазақстанда 655 алғашқы медициналық көмек көрсету нысаны ашылады
Sputnik Қазақстан
Үкімет басшысы республиканың бірқатар өңіріндегі медициналық орталықтардың құрылыс қарқынына көңілі толмайтынын айтты 24.11.2023, Sputnik Қазақстан
2023-11-24T19:24+0500
2023-11-24T19:24+0500
2023-11-24T19:24+0500
аурухана
https://sputnik.kz/img/07e7/01/03/30817149_0:555:2041:1703_1920x0_80_0_0_f7859734cc93659ca501cb54bb1e5a66.jpg
АЛМАТЫ, 24 қараша – Sputnik. Ұлттық жоба аясында өңірлерде 655 алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету нысанын ашу жоспарланып жатыр, деп хабарлады премьер-министрдің ресми сайты.Премьер-министр Әлихан Смайылов "Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту" ұлттық жобасын іске асыру мәселелері бойынша кеңес өткізді.Ұлттық жобада инсульт орталықтары, кардиология, жансақтау, оңалту бөлімдерін ашып, оларды заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету арқылы 32 көпсалалы орталық аудандық аурухананы жаңғырту қарастырылған.Премьер-министр Қарағанды, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан, Қызылорда, Қостанай және басқа да бірқатар облыстың әкімдіктеріне алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсетудің жаңа нысандарын салу бойынша жұмысты жеделдетіп, жыл соңына дейін пайдалануға беруді тапсырды."Ұлттық жобаны іске асыру үкіметтің бақылауында. Министр мен өңірлердің әкімдері бұл бағыттағы жұмысты күшейтуі қажет", — деді Әлихан Смайылов.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/01/03/30817149_0:363:2041:1894_1920x0_80_0_0_29241c6ca67d67c13fc01a11c132a581.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
аурухана
Қазақстанда 655 алғашқы медициналық көмек көрсету нысаны ашылады
Үкімет басшысы республиканың бірқатар өңіріндегі медициналық орталықтардың құрылыс қарқынына көңілі толмайтынын айтты
АЛМАТЫ, 24 қараша – Sputnik. Ұлттық жоба аясында өңірлерде 655 алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету нысанын ашу жоспарланып жатыр, деп хабарлады премьер-министрдің ресми сайты.
Премьер-министр Әлихан Смайылов "Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту" ұлттық жобасын іске асыру мәселелері бойынша кеңес өткізді.
"Ұлттық жоба аясында өңірлерде 655 алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету нысанын ашу жоспарланып отыр. Оның ішінде 257 медициналық, 238 фельдшерлік-акушерлік пункт және 160 дәрігерлік амбулатория бар. Биыл 99 нысанның құрылысы жүріп жатыр. Бүгінгі таңда оның 20-сы аяқталды, қалғандары бойынша жұмыстар жалғасуда", -деп жазылған хабарламада.
Ұлттық жобада инсульт орталықтары, кардиология, жансақтау, оңалту бөлімдерін ашып, оларды заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету арқылы 32 көпсалалы орталық аудандық аурухананы жаңғырту қарастырылған.
Премьер-министр Қарағанды, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан, Қызылорда, Қостанай және басқа да бірқатар облыстың әкімдіктеріне алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсетудің жаңа нысандарын салу бойынша жұмысты жеделдетіп, жыл соңына дейін пайдалануға беруді тапсырды.
"Ұлттық жобаны іске асыру үкіметтің бақылауында. Министр мен өңірлердің әкімдері бұл бағыттағы жұмысты күшейтуі қажет", — деді Әлихан Смайылов.