Қазақстан Арменияға қару жеткізгені туралы ақпарат шындыққа жанаспайды

© Photo : Пресс-служба министерства обороны РКҚазақстан Қорғаныс министрлігінің ғимараты
Қазақстан Қорғаныс министрлігінің ғимараты - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.11.2023
Жазылу
Қорғаныс министрлігі 2022 жылдан бастап қару-жарақ пен әскери техниканы экспорттауға тыйым салынғанын еске салды
АСТАНА, 24 қараша – Sputnik. Қорғаныс министрлігі Қазақстанның Арменияға әскери техниканы жеткізгені туралы әлеуметтік желі мен интернет-сайттарда тараған ақпаратты теріске шығарды, деп хабарлады Stopfake.kz.
"Армения Республикасына қазақстандық қару-жарақ жеткізілгені туралы тараған ақпарат шындыққа жанаспайды", – делінген Қорғаныс министрлігінің ресми хабарламасында.
Ведомство 2022 жылдан бастап Қазақстанда қару-жарақ пен әскери техниканы экспорттауға тыйым салынғанын еске салды.
"Осыған байланысты азаматтар мен бұқаралық ақпарат құралдарын мұндай қауесеттерге ермеуге және тек ресми ақпарат көздеріне ғана сенуге шақырамыз", - деп атап өтті министрлік.
Еске сала кетейік, жазда осыған ұқсас жалған ақпарат тараған болаты. Ол кезде Қазақстан Ресейге әскери техника жібергені туралы айтылды. Қорғаныс министрлігі бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.
"Аталған әскери техниканың Қазақстанға қатысы жоқ, бұл халықаралық уағдаластықтар шеңберінде Қазақстан аумағы арқылы Ресейге жоспарлы жөндеу жүргізу үшін жіберіліп жатқан үшінші елдің меншігі болып табылады", - деп мәлімдеді министрлік.
Учения в Вооруженных Силах Казахстана  - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.07.2023
"Қазақстан Ресейге әскери техника жіберіп жатыр": министрлік мәлімдеме жасады
Жаңалықтар
0