https://sputnik.kz/20231124/iri-zhobalardy-zhuzege-asyru-kezinde-qurylys-zattary-negizsiz-qymbattatylgan-40406074.html
Ірі жобаларды жүзеге асыру кезінде құрылыс заттары негізсіз қымбаттатылған
Ірі жобаларды жүзеге асыру кезінде құрылыс заттары негізсіз қымбаттатылған
Sputnik Қазақстан
Петропавлда электр қосалқы станцияларының құнын 4 есе арттыру фактісі анықталды 24.11.2023, Sputnik Қазақстан
2023-11-24T16:14+0500
2023-11-24T16:14+0500
2023-11-24T16:14+0500
құрылыс
https://sputnik.kz/img/07e6/04/06/24028445_2:0:2999:1686_1920x0_80_0_0_051f002aadb3a704b29fcb4f55c314c6.jpg
АЛМАТЫ, 24 қараша – Sputnik. Қазақстанда ірі жобалардың құрылысын жүргізу барысында бағаны негізсіз қымбаттатқан, деп хабарлады Қаржы мониторингі агенттігі."Мемсараптама" РМК көмегімен Астананың энергия торабындағы апатқа қарсы автоматиканы модернизациялау бойынша жоба құны 1,9 млрд теңгеге арзандатылды. Мұнда жобаны әзірлеушілер электр шкафтарының бағасын негізсіз қымбаттатқан.Сондай-ақ қазіргі уақытта облыс әкімдіктерімен тағы 24 нысанның шығынын 13 млрд теңгеге төмендету бойынша жұмыстар жүріп жатыр."Мәселен, Қарағандыда өндірістік ағындар мен жерүсті сарқынды суларын тазартатын құрылыс жобасы бойынша жабдықтың тек үш түрінің құны 541 млн теңгеге асыра көрсетілген. Жалпы алғанда, 8 жоба бойынша екі айдың ішінде бюджет шығыны 10 млрд теңгеге төмендетілді", - дейді агенттік.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/04/06/24028445_376:0:2624:1686_1920x0_80_0_0_826b454f9585833a3f96749fcc70bc0a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
құрылыс
Ірі жобаларды жүзеге асыру кезінде құрылыс заттары негізсіз қымбаттатылған
Петропавлда электр қосалқы станцияларының құнын 4 есе арттыру фактісі анықталды
АЛМАТЫ, 24 қараша – Sputnik. Қазақстанда ірі жобалардың құрылысын жүргізу барысында бағаны негізсіз қымбаттатқан, деп хабарлады Қаржы мониторингі агенттігі.
"Мемсараптама" РМК көмегімен Астананың энергия торабындағы апатқа қарсы автоматиканы модернизациялау бойынша жоба құны 1,9 млрд теңгеге арзандатылды. Мұнда жобаны әзірлеушілер электр шкафтарының бағасын негізсіз қымбаттатқан.
"Тағы бір жағдай Астанада құбыр бағасын өсіруге байланысты. Магистральдық айналма кәріз коллекторын салу құны 5,3 млрд теңгеге арзандатылды. Петропавлдағы Солнечный кентінің инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын салу кезінде электр қосалқы станцияларының құнын 4 есе арттыру фактісі анықталды. Нәтижесінде 2,3 млрд теңге бюджет қаражаты үнемделді", - дейді ведомство.
Сондай-ақ қазіргі уақытта облыс әкімдіктерімен тағы 24 нысанның шығынын 13 млрд теңгеге төмендету бойынша жұмыстар жүріп жатыр.
"Мәселен, Қарағандыда өндірістік ағындар мен жерүсті сарқынды суларын тазартатын құрылыс жобасы бойынша жабдықтың тек үш түрінің құны 541 млн теңгеге асыра көрсетілген. Жалпы алғанда, 8 жоба бойынша екі айдың ішінде бюджет шығыны 10 млрд теңгеге төмендетілді", - дейді агенттік.