ЕАЭО елдері экспорттық тауарлардың шығу тегін анықтайтын жүйе туралы келісім жасасты

© Sputnik / Тимур БатыршинФлаги стран ЕАЭС
Флаги стран ЕАЭС - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.11.2023
Жазылу
АСТАНА, 24 қараша — Sputnik. Еуразиялық үкіметаралық кеңеске мүше мемлекеттер Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) кедендік аумағынан жөнелтілетін тауарлардың үйлестірілген жүйесін енгізу туралы келісімге қол қойды.
Келісім Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің тауарларды ЕАЭО кедендік аумағынан тыс жерлерге жөнелту кезінде олардың шығу тегін айқындайтін және растайтын, оның ішінде мүше мемлекеттерде шығу тегіне байланысты экспортты реттеу шараларын біріздендіруге бағытталған.

"Жөнелтілетін тауарлардың шығу тегін анықтау жүйесі туралы жаңа келісім жасасу еуразиялық интеграцияны дамытудың маңызды қадамы. Бұл уағдаластық тараптардың тиісті мәселелер бойынша қазіргі тәсілдерді жақындастыруға қатысты ұзақ уақыт жүргізілген келіссөздердің қортындысы. Келісім күшіне енгеннен кейін үшінші елдерге тауар экспорттайтын сыртқы саудаға қатысушыларда барлық базалық ережелерді қамтитын құжат пайда болады", - деп атап өтті ЕЭК сауда министрі Андрей Слепнев.

Бұл бір мезгілде екі мәселені шешуге көмектеседі – Еуразиялық тауарлардың сыртқы нарықтарға қолжетімділігін жеңілдету және одақтың ішкі нарығында кедергілерді болдырмау.
Жаңалықтар
0