https://sputnik.kz/20231124/eaeo-da-pedagogtar-men-zangerler-ushin-byurokratiyalyq-kedergiler-qysqartylady-40382184.html
ЕАЭО-да педагогтар мен заңгерлер үшін бюрократиялық кедергілер қысқартылады
ЕАЭО-да педагогтар мен заңгерлер үшін бюрократиялық кедергілер қысқартылады
Sputnik Қазақстан
Мәжіліс заң және педагогика саласындағы қызметкерлерге арналған білім беру жайлы құжаттарды тану туралы ЕАЭО шартына өзгеріс енгізетін заң жобасын... 24.11.2023, Sputnik Қазақстан
2023-11-24T18:46+0500
2023-11-24T18:46+0500
2023-11-24T18:46+0500
еаэо
https://sputnik.kz/img/07e6/09/01/27187359_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_deeb283709fabc5414abe5093cebe725.jpg
АСТАНА, 23 қараша – Sputnik. Мәжілісмендер педагогтар мен заңгерлерге арналған білім беру туралы құжаттарды тануға қатысты "Еуразиялық экономикалық одақ туралы 2014 жылғы 29 мамырдағы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы" заңды қабылдады.Хаттамаға 2022 жылдың 31 наурызында Мәскеуде қол қойылды. Онда Кеден одағының жұмыс істеуі, сыртқы сауда және техникалық реттеу, мемлекеттік сатып алу, бәсекелестік, табиғи монополиялар, көлік, санитариялық, ветеринариялық-санитариялық және карантиндік фитосанитариялық шаралар, макроэкономика және еңбек көші-қоны бөлігінде түзетулер көзделген.Бұдан басқа, демпингке қарсы қайта тексеру тетігі көзделеді."Мұндай тергеу, егер үшінші елдердің өндірушілері экспорттық бағаны төмендетсе, осыған байланысты бұрын қабылданған демпингке қарсы шара мүше мемлекеттердің экономика саласына келтірілген залалды жоймаса жүргізіледі. Енді демпингке қарсы баждарды ұлғайту мүмкіндігі қарастырылуда", - деді Шаққалиев.Сондай-ақ бәсекелестік ережелерін сақтау саласында комиссия шешімдерін орындамағаны үшін айыппұл енгізу ұсынылды. Фитосанитариялық сертификаттар мен мемлекеттік тіркеу туралы куәліктерді электронды түрде ресімдеу мүмкіндігіне рұқсат беріледі.Жеміс-көкөніс өнімдерін "егіс алқабынан сөреге дейін" цифрлық қадағалау тетігі енгізіледі. Қадағалау Ұлттық ақпараттық жүйелерді интеграциялау арқылы жүзеге асырылады.Заң жобасы сенатқа жіберілді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/09/01/27187359_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_51e046d77fd8aefb0dc2a71b875a87e4.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
еаэо
ЕАЭО-да педагогтар мен заңгерлер үшін бюрократиялық кедергілер қысқартылады
Мәжіліс заң және педагогика саласындағы қызметкерлерге арналған білім беру жайлы құжаттарды тану туралы ЕАЭО шартына өзгеріс енгізетін заң жобасын ратификациялады
АСТАНА, 23 қараша – Sputnik. Мәжілісмендер педагогтар мен заңгерлерге арналған білім беру туралы құжаттарды тануға қатысты "Еуразиялық экономикалық одақ туралы 2014 жылғы 29 мамырдағы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы" заңды қабылдады.
Хаттамаға 2022 жылдың 31 наурызында Мәскеуде қол қойылды. Онда Кеден одағының жұмыс істеуі, сыртқы сауда және техникалық реттеу, мемлекеттік сатып алу, бәсекелестік, табиғи монополиялар, көлік, санитариялық, ветеринариялық-санитариялық және карантиндік фитосанитариялық шаралар, макроэкономика және еңбек көші-қоны бөлігінде түзетулер көзделген.
"ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттегі педагогикалық және заңгерлік қызметтегі қызметкерлер үшін білім туралы құжаттарды тану жөніндегі талаптар алынып тасталады. Бұл еңбек мигранттарының еркін жүріп-тұруына мүмкіндік береді", - деді сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев заң жобасын таныстыра отырып.
Бұдан басқа, демпингке қарсы қайта тексеру тетігі көзделеді.
"Мұндай тергеу, егер үшінші елдердің өндірушілері экспорттық бағаны төмендетсе, осыған байланысты бұрын қабылданған демпингке қарсы шара мүше мемлекеттердің экономика саласына келтірілген залалды жоймаса жүргізіледі. Енді демпингке қарсы баждарды ұлғайту мүмкіндігі қарастырылуда", - деді Шаққалиев.
Сондай-ақ бәсекелестік ережелерін сақтау саласында комиссия шешімдерін орындамағаны үшін айыппұл енгізу ұсынылды. Фитосанитариялық сертификаттар мен мемлекеттік тіркеу туралы куәліктерді электронды түрде ресімдеу мүмкіндігіне рұқсат беріледі.
Жеміс-көкөніс өнімдерін "егіс алқабынан сөреге дейін" цифрлық қадағалау тетігі енгізіледі. Қадағалау Ұлттық ақпараттық жүйелерді интеграциялау арқылы жүзеге асырылады.
Заң жобасы сенатқа жіберілді.