Биыл елде 13 млн шаршы метрден астам тұрғын үй салынды

© Sputnik/Ертай СарбасовСтроительство в Алматы
Строительство в Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.11.2023
Жазылу
АСТАНА, 24 қараша – Sputnik. Қазіргі таңда Қазақстанда инфрақұрылымды жаңғырту және өңірлерді дамыту бойынша ауқымды жұмыстар жүріп жатыр, деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.
Ондағы мәлімет бойынша, жұмыстар тұрғын үй кешені желілерін жаңарту, республиканың көлік-логистикалық әлеуетін нығайту және жаңа өндірістік кәсіпорындарды іске қосуға қатысты.
Бұл бағыттардың барлығы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасында белгіленген.
"2029 жылға қарай 1 млн-нан астам отбасын жаңа баспанамен қамтамасыз ету бойынша белсенді жұмыс жалғасуда. Мәселен, 2023 жылғы 10 айда 13 млн шаршы метрден астам тұрғын үй салынды.2023 жылы өңірлерде инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым нысандарын салуға 5,4 млрд теңге бөлінді."Қолжетімді Интернет" ұлттық жобасы бекітілді", — делінген ақпарат көзінде.
Сонымен қатар ҚР көлік-логистикалық әлеуетін дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы бекітілді. Атап айтқанда, Қазақстанның транзиттік әлеуетін едәуір арттыратын бірқатар ірі теміржол жобасын іске асыру басталды.
"Барлығы үш жыл ішінде 1 300 шақырымнан астам теміржол салынады. Оған қоса 2030 жылға дейін 11 мың шақырым т/ж жөндеу жұмыстарымен қамту жоспарланып отыр.Соңғы кездері жүк тасымалының көлемі 2 есе артқан Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамытуға бірқатар еуропалық көлік-логистикалық компанияны тарту бойынша жұмыстар жүріп жатыр.Қорларды ұлғайту және өңірлерді газдандыру жұмысын одан әрі жалғастыру үшін жаңа газ өңдеу қуаттарының құрылысы жалғасуда", — деп жазды үкіметтің ресми сайты.
"QazaqGaz" ҰК" АҚ Қашаған кен орнында қуаты жылына 1 млрд м3 болатын ГӨЗ құрылысын жүргізіп жатыр. Сондай-ақ Қашаған мен Қарашығанақта жылына 6,5 млрд м3 газ өңдейтін жаңа ГӨЗ құрылысы жобалануда.
Жаңалықтар
0