https://sputnik.kz/20231123/zeynetaqy-qorynan-15-trln-tenge-alynady--premer-aqshany-qaytaruga-uade-berdi-40376337.html
Зейнетақы қорынан 1,5 трлн теңге алынады – премьер ақшаны қайтаруға уәде берді
Зейнетақы қорынан 1,5 трлн теңге алынады – премьер ақшаны қайтаруға уәде берді
Sputnik Қазақстан
Үкімет индустрияландыру, көлік, инфрақұрылым және тағы басқа салаларда ірі жобаларды жүзеге асыруды жоспарлап отыр 23.11.2023, Sputnik Қазақстан
2023-11-23T15:24+0500
2023-11-23T15:24+0500
2023-11-23T15:24+0500
зейнетақы
әлихан смайылов
https://sputnik.kz/img/639/76/6397616_0:0:1499:844_1920x0_80_0_0_1a15f89c4e32c279073b5fc7163ce170.jpg
АСТАНА, 23 қараша – Sputnik. Премьер-министр Әлихан Смайылов зейнетақы қорынан алынатын 1,5 триллион теңге энергетиканы дамыту саласына жұмсалатынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Бүгін сенатта өткен брифинг кезінде журналистер "Зейнеткерлердің қалтасына қол салмай, үкіметтің жоспарын орындауға болмай ма?" деп сұрады. Премьер-министр қарызға алынған ақша міндетті түрде қайтарылатынын жеткізді.Осы орайда үкімет басшысы бірыңғай зейнетақы қорының негізгі стратегиясын еске салды. Қордағы ақшаны сақтап қана қоймай, оны көбейтіп отыру қажет. Зейнетақы қорының инвестициялық стратегиясы бар."Ал салымшылардың жинағын тиімді инвестициямен ғана көбейтуге болады. Сондықтан зейнетақы қоры өзінің стратегиясы бойынша салымшылардың ақшасын нарықтық шарттармен инвестициялап отырады. Нарықтық мөлшерме белгіленеді және ақшаны қайтару міндеті қойылады", - деп атап өтті премьер-министр.Оның айтуынша, бүгінде үкімет индустрияландыру, көлік, инфрақұрылым және тағы басқа салаларда ірі жобаларды қарастырып жатыр."Біз қаржыландырудың сан алуан көздерін қарастырып отырамыз, соның ішінде зейнетақы қорының қаржысы да бар. Қазіргі кезде ол ақшаны алу шарттары бойынша ұлттық банкпен барлық мәселені пысықтап жатырмыз", - дейді Смайылов.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/639/76/6397616_11:0:1344:1000_1920x0_80_0_0_5e0aa9abb1d0bde35c66c007290d8366.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
зейнетақы, әлихан смайылов
зейнетақы, әлихан смайылов
Зейнетақы қорынан 1,5 трлн теңге алынады – премьер ақшаны қайтаруға уәде берді
Үкімет индустрияландыру, көлік, инфрақұрылым және тағы басқа салаларда ірі жобаларды жүзеге асыруды жоспарлап отыр
АСТАНА, 23 қараша – Sputnik. Премьер-министр Әлихан Смайылов зейнетақы қорынан алынатын 1,5 триллион теңге энергетиканы дамыту саласына жұмсалатынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгін сенатта өткен брифинг кезінде журналистер "Зейнеткерлердің қалтасына қол салмай, үкіметтің жоспарын орындауға болмай ма?" деп сұрады. Премьер-министр қарызға алынған ақша міндетті түрде қайтарылатынын жеткізді.
"Үкімет қарызға ақша алса, республикалық бюджеттің есебінен, квазимемлекеттік сектордың есебінен ол ақшаны міндетті түрде қайтарады. Сол себепті барлығы үкіметтің қарызында көрсетіледі. Бюджетте қарызды қайтару сомасы да белгіленеді. Сондықтан үкімет өз мойнына міндет алса, қарызды қайтаруға қажетті ақшаны міндетті түрде қарастырады. Ол ақша міндетті түрде қайтарылады", - деді Смайылов.
Осы орайда үкімет басшысы бірыңғай зейнетақы қорының негізгі стратегиясын еске салды. Қордағы ақшаны сақтап қана қоймай, оны көбейтіп отыру қажет. Зейнетақы қорының инвестициялық стратегиясы бар.
"Ал салымшылардың жинағын тиімді инвестициямен ғана көбейтуге болады. Сондықтан зейнетақы қоры өзінің стратегиясы бойынша салымшылардың ақшасын нарықтық шарттармен инвестициялап отырады. Нарықтық мөлшерме белгіленеді және ақшаны қайтару міндеті қойылады", - деп атап өтті премьер-министр.
Оның айтуынша, бүгінде үкімет индустрияландыру, көлік, инфрақұрылым және тағы басқа салаларда ірі жобаларды қарастырып жатыр.
"Біз қаржыландырудың сан алуан көздерін қарастырып отырамыз, соның ішінде зейнетақы қорының қаржысы да бар. Қазіргі кезде ол ақшаны алу шарттары бойынша ұлттық банкпен барлық мәселені пысықтап жатырмыз", - дейді Смайылов.