https://sputnik.kz/20231123/ukraina-duniezhuzilik-bankten-zhana-komek-aldy-40378530.html
Украина Дүниежүзілік банктен жаңа көмек алды
Украина Дүниежүзілік банктен жаңа көмек алды
Sputnik Қазақстан
Бұл қаржы медицина қызметкерлері мен зейнеткерлердің жалақысына жұмсалады 23.11.2023, Sputnik Қазақстан
2023-11-23T16:44+0500
2023-11-23T16:44+0500
2023-11-23T16:44+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
украина
https://sputnik.kz/img/07e6/06/1d/25824261_0:171:3070:1898_1920x0_80_0_0_aac56335b312f263639866a68d225d3f.jpg
АСТАНА, 23 қараша – Sputnik. Украинаның Қаржы министрлігі Дүниежүзілік банктің сенімгерлік қоры арқылы Ұлыбританияның кепілдігімен 400 миллион долларға жуық бюджеттік көмек тартқанын хабарлады, деп жазды РИА Новости.Министрліктің хабарлауынша, бұл қаражат зейнетақы мен медициналық кепілдік бағдарламасы бойынша денсаулық сақтау қызметкерлерінің жалақысын төлеу үшін бағытталады. Кредит жеңілдетілген шарттармен 19 жылға беріледі.Министрліктің мәліметінше, 2022 жылдың ақпан айынан бері Ұлыбритания жалпы сомасы 2 миллиард доллар көмек берген.Премьер-министр Денис Шмыгаль 10 қарашада Украина мемлекеттік бюджет тапшылығын жабу үшін Еуропалық Одақ, АҚШ және ХВҚ, сондай-ақ одақтас мемлекеттерден 30 миллиард доллардан астам қаржылай көмек алатынын мәлімдеді.Шмыгал 15 қыркүйекте Украина үкіметі 2024 жылға арналған бюджет жобасын қабылдағанын, әскери шығындар 45,6 миллиард долларды құрайтынын хабарлады, бұл әлеуметтік салаға, медицина мен білім беруге жұмсалған шығыстардан асып түседі.Украинаның Қаржы министрлігі 2024 жылға арналған Украина бюджетінің жобасында қауіпсіздік пен қорғанысқа 48 миллиард доллардан астам қаражат жұмсалатынын хабарлады, бұл жалпы ішкі өнімнің 23 пайызын құрайды.
украина
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/06/1d/25824261_209:0:2940:2048_1920x0_80_0_0_3e7ca8671ea14e8e177e122b3b5a7237.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
украина
Украина Дүниежүзілік банктен жаңа көмек алды
Бұл қаржы медицина қызметкерлері мен зейнеткерлердің жалақысына жұмсалады
АСТАНА, 23 қараша – Sputnik. Украинаның Қаржы министрлігі Дүниежүзілік банктің сенімгерлік қоры арқылы Ұлыбританияның кепілдігімен 400 миллион долларға жуық бюджеттік көмек тартқанын хабарлады, деп жазды
РИА Новости. "Украинаның мемлекеттік бюджетіне Дүниежүзілік банктің сенімгерлік қоры арқылы Ұлыбритания кепілдігімен 400 миллион долларға тарта қаржы түсті. Қаражат "Украинадағы тұрақты мемлекеттік басқаруды қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік шығындарды қолдау" жобасының бесінші қосымша қаржыландыру шарасының бір бөлігі саналады", - делінген ведомствоның сайтында жарияланған хабарламада.
Министрліктің хабарлауынша, бұл қаражат зейнетақы мен медициналық кепілдік бағдарламасы бойынша денсаулық сақтау қызметкерлерінің жалақысын төлеу үшін бағытталады. Кредит жеңілдетілген шарттармен 19 жылға беріледі.
Министрліктің мәліметінше, 2022 жылдың ақпан айынан бері Ұлыбритания жалпы сомасы 2 миллиард доллар көмек берген.
Премьер-министр Денис Шмыгаль 10 қарашада Украина мемлекеттік бюджет тапшылығын жабу үшін Еуропалық Одақ, АҚШ және ХВҚ, сондай-ақ одақтас мемлекеттерден 30 миллиард доллардан астам қаржылай көмек алатынын мәлімдеді.
Шмыгал 15 қыркүйекте Украина үкіметі 2024 жылға арналған бюджет жобасын қабылдағанын, әскери шығындар 45,6 миллиард долларды құрайтынын хабарлады, бұл әлеуметтік салаға, медицина мен білім беруге жұмсалған шығыстардан асып түседі.
Украинаның Қаржы министрлігі 2024 жылға арналған Украина бюджетінің жобасында қауіпсіздік пен қорғанысқа 48 миллиард доллардан астам қаражат жұмсалатынын хабарлады, бұл жалпы ішкі өнімнің 23 пайызын құрайды.