Терроризм, есірткі, төтенше жағдай: ҰҚШҰ келесі жылы немен күреседі

© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаАлександр Лукашенко мен Қасым-Жомарт Тоқаев
Александр Лукашенко мен Қасым-Жомарт Тоқаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.11.2023
Жазылу
Минскіде Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің саммиті өтіп жатыр
АСТАНА, 23 қараша – Sputnik. Қазақстан келесі жылы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына төрағалық етеді. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қандай бағытта басымдықтар болатынын айтты.
Президент жұмыстың жеті басым бағытын айқындады:
1. ҰҚШҰ-ның БҰҰ, ТМД, ШЫҰ қоса алғанда, қауіпсіздік саласындағы мүдделі елдермен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығы.
"ТМД және Шанхай ынтымақтастық ұйымымен ынтымақтастықты одан әрі тереңдетеміз. Бұл үшін нақты қадамдар ҰҚШҰ-ның ТМД және ШЫҰ-мен ынтымақтастығын нығайту жөніндегі практикалық шараларда айқындалған", - деді Тоқаев.
2. Әскери ынтымақтастық саласындағы өзара іс-қимыл. Нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру қажет, деп атап өтті Тоқаев. Бітімгершілік контингенттің, авиацияның және т. б. кедергісіз және тоқтаусыз транзиті қажет.
3. Халықаралық терроризм мен экстремизмге қарсы іс-қимыл жөніндегі ынтымақтастықты дамыту.
"Халықаралық терроризм мен экстремизмге қарсы іс-қимыл жөніндегі ынтымақтастықты дамытукерек. Ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің терроризмге қарсы компонентіне ерекше назар аударылады. Террористік топтарға қосылуды жоспарлап отырған елдеріміздің азаматтарының кетуіне жол бермеу үшін бірлескен жұмысты жалғастыру қажет", - деді Тоқаев.
Террористік топтарға қосылуды жоспарлап отырған ҰҚШҰ-ға мүше елдердің азаматтарының кетуіне жол бермеу.
4. Есірткі және психотроптық заттардың заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл. Жұмысты өзекті факторларды, соның ішінде синтетикалық есірткінің таралуының өсуін бақылай отырып құру керек, деді президент.
5. Қару-жарақтың заңсыз айналымына және ұйымдасқан трансұлттық қылмысқа қарсы күрес.
6. Төтенше жағдайдың алдын алу және жою жөніндегі жұмысты тереңдету.
7. Ақпараттық технологиялар саласындағы қылмыстарға қарсы іс-қимыл.
Минскіде Ұжымдық Қауіпсіздік кеңесінің саммиті өтіп жатыр. Келесі жылы ұйымға төрағалық Беларусьтен Қазақстанға өтеді.
Жаңалықтар
0