https://sputnik.kz/20231123/shymkentte-politsiya-gimaratynda-zansyz-ustalgan-48-azamat-bosatyldy-40365438.html
Шымкентте полиция ғимаратында заңсыз ұсталған 48 азамат босатылды
Шымкентте полиция ғимаратында заңсыз ұсталған 48 азамат босатылды
Sputnik Қазақстан
Прокурорлық қадағалау актілері бойынша 24 лауазымды тұлға әртүрлі тәртіптік жазаға тартылды 23.11.2023, Sputnik Қазақстан
2023-11-23T12:12+0500
2023-11-23T12:12+0500
2023-11-23T12:13+0500
шымкент
бас прокуратура
https://sputnik.kz/img/07e7/01/0a/30979792_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_d42f4b718d2581d70eba5cb496ae16b9.jpg
АСТАНА, 23 қараша - Sputnik. Шымкентте полиция ғимаратында заңсыз ұсталған 48 азамат босатылды. Бұл туралы Шымкент қаласының прокуроры Ғабит Мұқанов мәлімдеді, деп хабарлайды Бас прокуратура.Қала прокуратурасы жүргізген арнайы тексеру барысында тәртіп сақшылары қандайда бір тергеу әрекеттерін жүргізбей, жеткізілген 3 тұлғаны 3 сағаттан астам уақыт бойы ғимаратта заңсыз ұстағаны анықталды. Құқығы бұзылған адамдар дереу босатылды. Жинақталған құжаттар кінәлі полиция қызметкерлерін заңда көзделген жауапкершілікке тарту үшін Шымкент қаласы полиция департаментінің ішкі қауіпсіздік басқармасына жолданды.Жалпы биылғы 9 айда Шымкент прокурорлары полиция ғимараттарында заңсыз болған 48 адамды босатқан. Оның ішінде Қаратау ауданында – 23, Тұран ауданында – 9, Әл-Фараби ауданында – 8, Абай ауданында – 7, Еңбекші ауданында – 1 адам болған.Прокурорлық қадағалау актілері бойынша 24 лауазымды тұлға әртүрлі тәртіптік жазаға тартылды."Біз қылмыстық процестік заңнаманың мүлтіксіз орындалуына ұмтылуымыз керек, азаматтардың құқық қорғау органдары ғимаратында бір минуттан аса негізсіз болуына жол берілмеуі керек. Бұл жұмыстар жалғасын табатын болады" - деді қала прокуроры.
https://sputnik.kz/20230914/sholdaladagy-sarbazdyn-olimi-bas-askeri-prokuror-sot-ukimine-narazylyq-bildirmek-38441356.html
шымкент
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/01/0a/30979792_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_6a254a91d433cc8e1810f0871aefb327.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
шымкент, бас прокуратура
Шымкентте полиция ғимаратында заңсыз ұсталған 48 азамат босатылды
12:12 23.11.2023 (жаңартылды: 12:13 23.11.2023) Прокурорлық қадағалау актілері бойынша 24 лауазымды тұлға әртүрлі тәртіптік жазаға тартылды
АСТАНА, 23 қараша - Sputnik. Шымкентте полиция ғимаратында заңсыз ұсталған 48 азамат босатылды. Бұл туралы Шымкент қаласының прокуроры Ғабит Мұқанов мәлімдеді, деп хабарлайды Бас прокуратура.
Қала прокуратурасы жүргізген арнайы тексеру барысында тәртіп сақшылары қандайда бір тергеу әрекеттерін жүргізбей, жеткізілген 3 тұлғаны 3 сағаттан астам уақыт бойы ғимаратта заңсыз ұстағаны анықталды. Құқығы бұзылған адамдар дереу босатылды. Жинақталған құжаттар кінәлі полиция қызметкерлерін заңда көзделген жауапкершілікке тарту үшін Шымкент қаласы полиция департаментінің ішкі қауіпсіздік басқармасына жолданды.
Жалпы биылғы 9 айда Шымкент прокурорлары полиция ғимараттарында заңсыз болған 48 адамды босатқан. Оның ішінде Қаратау ауданында – 23, Тұран ауданында – 9, Әл-Фараби ауданында – 8, Абай ауданында – 7, Еңбекші ауданында – 1 адам болған.
Прокурорлық қадағалау актілері бойынша 24 лауазымды тұлға әртүрлі тәртіптік жазаға тартылды.
"Біз қылмыстық процестік заңнаманың мүлтіксіз орындалуына ұмтылуымыз керек, азаматтардың құқық қорғау органдары ғимаратында бір минуттан аса негізсіз болуына жол берілмеуі керек. Бұл жұмыстар жалғасын табатын болады" - деді қала прокуроры.