https://sputnik.kz/20231123/qazaqstan-duniezhuzilik-muralar-komitetinin-mushesi-bolyp-saylandy-40360277.html
Қазақстан дүниежүзілік мұралар комитетінің мүшесі болып сайланды
Қазақстан дүниежүзілік мұралар комитетінің мүшесі болып сайланды
Sputnik Қазақстан
Бұл комитеттің нысандарды дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізуге және алып тастауға айрықша құқығы бар 23.11.2023, Sputnik Қазақстан
2023-11-23T08:59+0500
2023-11-23T08:59+0500
2023-11-23T09:02+0500
юнеско
ерлан қарин
https://sputnik.kz/img/07e7/0a/0b/39268473_0:160:3072:1888_1920x0_80_0_0_4240f94d185c4442c5b63dbd68d3996e.jpg
АСТАНА, 23 қараша - Sputnik. Қазақстан 2023-2027 жылдарға дүниежүзілік мұралар комитетінің мүшесі болып сайланды. Бұл туралы мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин мәлімдеді.Құрамына 21 мемлекет кіретін дүниежүзілік мұралар комитеті ─ ЮНЕСКО-ның аса маңызды әрі беделді басқарушы органы. Бұл комитеттің нысандарды Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізуге және алып тастауға айрықша құқығы бар.Сондай-ақ бұған дейін ЮНЕСКО-ның Алматыдағы кеңсесіне Орталық Азия мемлекеттерінен бөлек Ауғанстан, Пәкістан және Иран мемлекеттерін қамтитын Көпсекторлы аймақтық кеңсе (Бюро) мәртебесін беру туралы шешім қабылданған болатын.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/0a/0b/39268473_171:0:2902:2048_1920x0_80_0_0_72ef703741da69182137234bb3b8dfef.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
юнеско, ерлан қарин
Қазақстан дүниежүзілік мұралар комитетінің мүшесі болып сайланды
08:59 23.11.2023 (жаңартылды: 09:02 23.11.2023) Бұл комитеттің нысандарды дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізуге және алып тастауға айрықша құқығы бар
АСТАНА, 23 қараша - Sputnik. Қазақстан 2023-2027 жылдарға дүниежүзілік мұралар комитетінің мүшесі болып сайланды. Бұл туралы мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин мәлімдеді.
"ЮНЕСКО Бас конференциясы жұмысының соңғы күні Қазақстан 2023-2027 жылдарға дүниежүзілік мұралар комитетінің мүшесі болып сайланды. Қазақстанның кандидатурасын 118 мемлекет қолдады. Еліміздің дүниежүзілік мұралар комитетіне мүше болып сайлануы бірегей мәдени және табиғи мұраларамызды сақтауға қатысты белсенді жұмысымызды халықаралық қауымдастықтың мойындайтынын көрсетеді", - деді Қарин.
Құрамына 21 мемлекет кіретін дүниежүзілік мұралар комитеті ─ ЮНЕСКО-ның аса маңызды әрі беделді басқарушы органы. Бұл комитеттің нысандарды Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізуге және алып тастауға айрықша құқығы бар.
Сондай-ақ бұған дейін ЮНЕСКО-ның Алматыдағы кеңсесіне Орталық Азия мемлекеттерінен бөлек Ауғанстан, Пәкістан және Иран мемлекеттерін қамтитын Көпсекторлы аймақтық кеңсе (Бюро) мәртебесін беру туралы шешім қабылданған болатын.