https://sputnik.kz/20231123/ekibastuzdagy-zheo-apaty-buryngy-basshylarga-sot-ukimi-shyqty-40367147.html
Екібастұздағы ЖЭО апаты: бұрынғы басшыларға сот үкімі шықты
Екібастұздағы ЖЭО апаты: бұрынғы басшыларға сот үкімі шықты
Sputnik Қазақстан
Сотталғандар коммерциялық ұйымдарда 3 жыл мерзімге басшылық лауазымдарды атқару құқығынан айырылды 23.11.2023, Sputnik Қазақстан
2023-11-23T13:49+0500
2023-11-23T13:49+0500
2023-11-23T13:49+0500
екібастұз
жылу электр орталығы
апат
https://sputnik.kz/img/07e7/02/16/32347329_1:0:3642:2048_1920x0_80_0_0_1aadadba6e737fac18c6b1fa1896a3fd.jpg
АСТАНА, 23 қараша - Sputnik. Бүгін Павлодар облысы Екібастұз қалалық соты "Екібастұзжылуэнерго" ЖШС бас директоры М.-ға, "Екібастұз жылу электр орталығының" директоры В.-ға және "Екібастұз жылу желілері" директоры Г.-ға қатысты ауыр зардаптарға әкеп соққан, қызметтеріне адал қарамау салдарынан өз міндеттерін тиісінше орындамау фактісі бойынша қылмыстық істі қарады, деп хабарлайды қалалық соттың баспасөз қызметі.Олар Екібастұз қаласының коммерциялық ұйымдарын басқара отырып, 2022-2023 жылдарға жылу беру кезеңіне дайындық жұмыстарының толықтығын қамтамасыз ету бойынша тиісті шаралар қабылдамаған.Ведомствоның мәліметінше, сотталушылардың кінәсі жауап алынған куәлердің айғақтарымен, сот сараптамаларының қорытындыларымен және бас сот талқылауы барысында зерттелген өзге де дәлелдемелер жиынтығымен дәлелденген.Сот бұл онша ауыр емес қылмыстар санатына жататынын және оны жасағаны үшін заңда 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделгенін еске салды."Бұл ретте ауырлататын мән-жайлардың болмауына және жеңілдететін мән-жайлардың болуына байланысты жаза мөлшері көрсетілген мерзімнің жартысынан, яғни 2 жыл 6 айдан аспауға тиіс. Сотталушылардың жеке басы мен отбасылық жағдайын, олардың ауыр зардаптардың туындауына абайсыз кінәсін ескере отырып, сот оларға пробациялық бақылау белгілеп, мәжбүрлі еңбекке тарта отырып, әрқайсысына 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан шектеу түріндегі жазаны тағайындады", — деп атап өтті ведомство.Сондай-ақ сотталғандар коммерциялық ұйымдарда 3 жыл мерзімге басшылық лауазымдарды атқару құқығынан айырылды.Үкім заңды күшіне енген жоқ.
https://sputnik.kz/20221212/toqaev-ekibastuzdagy-zhagday-zhayly-bul-nagyz-apat-30263066.html
екібастұз
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/02/16/32347329_613:0:3344:2048_1920x0_80_0_0_9f2a4c510791588366073da4ce0f628c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
екібастұз, жылу электр орталығы, апат
екібастұз, жылу электр орталығы, апат
Екібастұздағы ЖЭО апаты: бұрынғы басшыларға сот үкімі шықты
Сотталғандар коммерциялық ұйымдарда 3 жыл мерзімге басшылық лауазымдарды атқару құқығынан айырылды
АСТАНА, 23 қараша - Sputnik. Бүгін Павлодар облысы Екібастұз қалалық соты "Екібастұзжылуэнерго" ЖШС бас директоры М.-ға, "Екібастұз жылу электр орталығының" директоры В.-ға және "Екібастұз жылу желілері" директоры Г.-ға қатысты ауыр зардаптарға әкеп соққан, қызметтеріне адал қарамау салдарынан өз міндеттерін тиісінше орындамау фактісі бойынша қылмыстық істі қарады, деп хабарлайды қалалық соттың баспасөз қызметі.
Олар Екібастұз қаласының коммерциялық ұйымдарын басқара отырып, 2022-2023 жылдарға жылу беру кезеңіне дайындық жұмыстарының толықтығын қамтамасыз ету бойынша тиісті шаралар қабылдамаған.
"Сотталушылардың абайсыз жасаған құқықбұзышылық әрекеті бойынша өз міндеттеріне адал қарамау салдарынан 2022 жылғы 27 қарашада Екібастұз қаласында "Екібастұзжылуэнерго" ЖШС жылу желілерінде апат болды. Бұл ауыр зардаптарға және қалада төтенше жағдай режимін енгізуге әкеп соқтырды", — делінген сот таратқан хабарламада.
Ведомствоның мәліметінше, сотталушылардың кінәсі жауап алынған куәлердің айғақтарымен, сот сараптамаларының қорытындыларымен және бас сот талқылауы барысында зерттелген өзге де дәлелдемелер жиынтығымен дәлелденген.
Сот бұл онша ауыр емес қылмыстар санатына жататынын және оны жасағаны үшін заңда 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделгенін еске салды.
"Бұл ретте ауырлататын мән-жайлардың болмауына және жеңілдететін мән-жайлардың болуына байланысты жаза мөлшері көрсетілген мерзімнің жартысынан, яғни 2 жыл 6 айдан аспауға тиіс. Сотталушылардың жеке басы мен отбасылық жағдайын, олардың ауыр зардаптардың туындауына абайсыз кінәсін ескере отырып, сот оларға пробациялық бақылау белгілеп, мәжбүрлі еңбекке тарта отырып, әрқайсысына 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан шектеу түріндегі жазаны тағайындады", — деп атап өтті ведомство.
Сондай-ақ сотталғандар коммерциялық ұйымдарда 3 жыл мерзімге басшылық лауазымдарды атқару құқығынан айырылды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.