Бұрынғы McDonald's мейрамханалар желісі төртінші рет атауын өзгертті

© Sputnik /Камшат АбдирайымЗдание экс-МсDonald's
Здание экс-МсDonald's  - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.11.2023
Жазылу
Мейрамханалардың жаңа ресми атауы – I'M
АЛМАТЫ, 23 қараша – Sputnik. Бұрынғы McDonald's фаст-фуд мейрамханалар желісі тағы да атауын өзгертті.
Бүгін брендтің өзгергені туралы ақпаратты McDonald's желісін бұрын басқарған Food Solutions KZ компаниясы бөлісті. Мейрамханалардың жаңа ресми атауы – i'M. Сондай-ақ қызыл жүрек қойылған.
"Сіздердің әрқайсыңыз мейрамханалардан дәм татып, ерекше атмосфераны сезіндіңіз. Біз ойландық: мұның бәрінің артында не жатыр, мінез бен көңіл-күй қайдан пайда болады. Біз оның артында адамдар тұрғанын және бұл адамдардың артында сан мыңдаған оқиғалар тұрғанын түсіндік... Бізге келген әрбір адам: "Менің қоғамда орным бар, менің кішкентай немесе үлкен оқиғам маңызды" деп айтқысы келеді. Осылайша атау дүниеге келді", - деп түсіндірді Seed агенттігінің креативті директоры Наиль Мұратов.
Жаңартылған желінің ұраны ретінде "мен ашықпын" деген тіркес таңдалды, бұл компанияның ашықтығын көрсетеді.
"Иә, әрқашан ашық. Мен аздап өзгердім, бірақ мен әлі де өз ісімде ең жақсымын және әрқашан өзім болып қала беремін. Тіпті жаңа атпен", – делінген желінің проморолигінде.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда McDonald"s брендімен алғашқы мейрамхана 2016 жылы ашылған болатын. Осы жылдар ішінде Алматы, Астана, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды қалаларында 24 McDonald"s мейрамханасы ашылды.
2022 жылдың қарашасында McDonald's жергілікті жеткізілімдегі шектеулерге байланысты жұмысын тоқтатты – франчайзер ресейлік жеткізушілерден ет пирогтарын сатып алуға тыйым салды.
2023 жылдың қаңтарында мейрамханалар атаусыз ашылды. Кейін олар "Біз ашықпыз/ Мы открыты" деген белгілермен іске қосылды.
16 тамыздан бастап бұл атаулар компанияға адал қызметкерлердің есімдерімен ауыстырылды: "Мен Араймын" (Я - Арай), "Мен Аружанмын" (Я - Аружан), "Мен Даниярмын" (Я - Данияр) және басқалар.
Жаңалықтар
0