https://sputnik.kz/20231123/astanada-taksi-koliginen-9-mln-tengeni-urlap-ketken-zholaushy-ustaldy-40374593.html
Астанада такси көлігінен 9 млн теңгені ұрлап кеткен жолаушы ұсталды
Астанада такси көлігінен 9 млн теңгені ұрлап кеткен жолаушы ұсталды
Sputnik Қазақстан
Баратын жеріне жеткенде күдікті өзімен бірге бөтеннің мүлкін алып кеткен 23.11.2023, Sputnik Қазақстан
2023-11-23T14:39+0500
2023-11-23T14:39+0500
2023-11-23T14:41+0500
такси
https://sputnik.kz/img/old/126/91/1269194_0:119:2275:1399_1920x0_80_0_0_9a6feb269cabab89b79b070b297bafdb.jpg
АСТАНА, 23 қараша – Sputnik. Астана полицейлері көліктен 9 млн теңге салынған сөмкені ұрлаған жолаушыны ұстады, деп хабарлады Polisia.kz.Нұра ауданының полиция басқармасына жеке такси жүргізуші жүгініп, 9 млн теңге ақша салынған сөмкенің жоғалғаны туралы хабарлаған.Ер адамның айтуынша, ол адамдарды тасу арқылы қосымша ақша табу үшін досының Toyota Camry автокөлігін алып отырған. Әдеттегідей көлікті алып, жолаушыларды тасымалдаумен айналысатын күні досы ұмытып кеткен, ішінде ақшасы бар рюкзактың салонда жатқанын білмеген. Бір түнде такси салонына 17 адамның отырғаны анықталды.Қиын әрі мұқият жұмыс барысында полицейлер жолаушыларды жеткізген барлық мекенжайды анықтады. Бейнекамераларды қарау барысында жоғалған сөмкені ұстап бара жатқан ер адам көзге түсті.Жедел іздестіру іс-шараларын өткізу кезінде полиция қызметкерлері 30 жастағы жолаушыны анықтады, ол түнде такси салонында жолаушылар орындығынан рюкзакты көріп қалған. Баратын жеріне жеткенде күдікті өзімен бірге бөтеннің мүлкін алып кеткен.Қазіргі уақытта жолаушыға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.
https://sputnik.kz/20231006/astanada-taksi-zhurgizushisi-sheteldikti-150-metr-zherge-zhetkizip-payda-tapqan-39125687.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/126/91/1269194_223:256:1905:1517_1920x0_80_0_0_6a9b3e518b32bf10e65a115906df5ce7.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
такси
Астанада такси көлігінен 9 млн теңгені ұрлап кеткен жолаушы ұсталды
14:39 23.11.2023 (жаңартылды: 14:41 23.11.2023) Баратын жеріне жеткенде күдікті өзімен бірге бөтеннің мүлкін алып кеткен
АСТАНА, 23 қараша – Sputnik. Астана полицейлері көліктен 9 млн теңге салынған сөмкені ұрлаған жолаушыны ұстады, деп хабарлады
Polisia.kz. Нұра ауданының полиция басқармасына жеке такси жүргізуші жүгініп, 9 млн теңге ақша салынған сөмкенің жоғалғаны туралы хабарлаған.
Ер адамның айтуынша, ол адамдарды тасу арқылы қосымша ақша табу үшін досының Toyota Camry автокөлігін алып отырған. Әдеттегідей көлікті алып, жолаушыларды тасымалдаумен айналысатын күні досы ұмытып кеткен, ішінде ақшасы бар рюкзактың салонда жатқанын білмеген. Бір түнде такси салонына 17 адамның отырғаны анықталды.
Қиын әрі мұқият жұмыс барысында полицейлер жолаушыларды жеткізген барлық мекенжайды анықтады. Бейнекамераларды қарау барысында жоғалған сөмкені ұстап бара жатқан ер адам көзге түсті.
Жедел іздестіру іс-шараларын өткізу кезінде полиция қызметкерлері 30 жастағы жолаушыны анықтады, ол түнде такси салонында жолаушылар орындығынан рюкзакты көріп қалған. Баратын жеріне жеткенде күдікті өзімен бірге бөтеннің мүлкін алып кеткен.
Қазіргі уақытта жолаушыға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.