Air Astana Оралдан Франкфурт пен Астанаға рейстердің тоқтатылу себебін хабарлады

© Министерство индустрии и инфраструктурного развития Республики КазахстанОралдағы Мәншүк Мәметова әуежайы
Оралдағы Мәншүк Мәметова әуежайы   - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.11.2023
Жазылу
Air Astana әуе компаниясының Орал-Франкфурт-Орал және Орал-Астана бағыттары бойынша рейстері, сондай-ақ Алматыдан Оралға және кері рейсі тоқтатылды
АСТАНА, 23 қараша – Sputnik. Оралдан Франкфурт пен Астанаға рейстер ауа райының қолайсыздығына байланысты тоқтатылды, деп хабарлады Air Astana.
"Эйр Астананың" Орал-Франкфурт-Орал және Орал-Астана бағыттарындағы рейстері, сондай-ақ Алматыдан Оралға және кері рейсі тоқтатылды", - деп жазылған тасымалдаушының хабарламасында.
Тоқтатылған рейстердің жолаушылары тамақпен қамтамасыз етілді, тегін қайта брондауға немесе билетті қайтаруға рұқсат етілді.
Орал-Астана рейсінің жолаушыларына жатын орын, тамақ берілді.
Рейстің кешігуі туралы ақпарат алу үшін +7 7272 44 4478 сенім телефонына хабарласып, авиакомпанияның сайтында рейстердің статусын тексеріп отыру қажет.
Жаңалықтар
0