“9-20-25” бағдарламасымен ипотека ала алатын адамдардың саны жарияланды

© Sputnik / Нина Зотина / Медиабанкке өтуКлючи от квартиры
Ключи от квартиры - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.11.2023
Жазылу
Бұл бағдарлама жастарға арналады
АСТАНА, 23 қараша - Sputnik. Премьер-министр Әлихан Смайылов “9-20-25” бағдарламасына қанша қаражат бөлінетінін және қанша адам ипотека ала алатынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Жаңа бағдарлама бір айда дайын болады. Оны келесі жылдан бастап енгізу жоспарланып отыр.
“Оған жыл сайын 150 миллиард теңге керек және 8 мың адам ипотека ала алады. Ол үшін біз 100 миллиардты нарықтан тартуымыз керек. Ал Отбасы банк өзінің таза табысынан 50 миллиард теңге бөлуі тиіс. Сөйтіп, екі ақшаны араластырып, жаңа бағдарламаны бастап кетуге болады. Ол жастарға арналады”, - деді Смайылов сенатта өткен брифингте.
Айта кетері, жаңа бағдарламаның негізгі шарттары: 9 проценттік мөлшершеме, 20 проценттік алғашқы жарна, ал ипотеканың мерзімі - 25 жыл.
Макет дома на калькуляторе - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.11.2023
"9-20-25": Отбасы банкі жаңа ипотекалық бағдарлама әзірлеп жатыр
Жаңалықтар
0