ҰБТ-ға дайындық: сынама тестілеуді тегін тапсыруға болады

© Sputnik / Абзал КалиевҰБТ, архивтегі фото
ҰБТ, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.11.2023
Жазылу
Байқау сынағы оқуға түсушілерге ҰБТ-ға дайындалуға көмек ретінде әзірленді
АСТАНА, 22 қараша – Sputnik. ҰБТ-ға дайындалуға арналған тегін сынама тестілеу іске қосылды. Тестілеу онлайн форматта Ұлттық тестілеу орталығының сайтында өтеді, деп хабарлады Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі.
Талапкерлерге сайтта тегін онлайн тестілеуден өту мүмкіндігі беріледі. Ол үшін тек ЖСН теріп, бейіндік пәндердің комбинациясын таңдап, байқау сынағына кірісу қажет.
"Екінші жыл қатарынан Ұлттық тестілеу орталығы ҰБТ-ға дайындық үшін тегін сынама тестілеуді іске қосып отыр. Өткен жылы бұл тестілеу 2 млн рет тапсырылған еді. Байқау сынағын өткізу технологиясы негізгі ҰБТ технологиясына сәйкес келеді. Яғни талапкерлерге калькулятор, периодтық кесте және тұздардың ерігіштік кестесі қолжетімді. Сонымен қатар болашақ студенттер тест тапсырмаларының өзгертілген құрылымымен таныса алады. Бүгін біз тестердің 1 нұсқасын іске қостық, жақын арада база жаңартылады", – деп атап өтті Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев.
Білім деңгейін тексергісі келетіндер үшін орталықтың сайтында ақылы онлайн тестілеу де іске қосылды. Тестерді мына сілтеме арқылы тапсыруға болады.
Клавиатура - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.11.2023
Ұлттық тестілеу орталығы ҰБТ-ға дайындалу үшін тегін онлайн сабақтар өткізіп жатыр
Жаңалықтар
0