https://sputnik.kz/20231122/qazaqstannyn-bank-sektory-aktivi-48-trln-tengege-zhaqyndady--rekord-ornatyldy-40316093.html
Банк секторының активі 48 трлн теңгеге жақындады
Банк секторының активі 48 трлн теңгеге жақындады
Sputnik Қазақстан
Еліміздегі 21 банктің 13-і ғана активін көбейткен, қалған 8 банктің көрсеткіші төмендеді 22.11.2023, Sputnik Қазақстан
2023-11-22T07:00+0500
2023-11-22T07:00+0500
2023-11-22T07:03+0500
банк
https://sputnik.kz/img/07e7/05/12/35009177_0:120:1280:840_1920x0_80_0_0_0875d14b0d6d56d4a3e7d0802a9f774d.jpg
АСТАНА, 22 қараша – Sputnik. 2023 жылғы қыркүйектің аяғында Қазақстанның банк секторында 21 екінші деңгейлі банк болды.Банк секторының активі биыл қыркүйекте 2,5% немесе 1,2 трлн теңгеге (жыл басынан бері — 7,5% немесе 3,3 трлн теңгеге) ұлғайып, 47,9 трлн теңгені құрады, деп хабарлады Ranking.Өтімділігі жоғары активтер 14,2 трлн теңге немесе барлық активтің 29,6%-ы, бұл банктерге клиенттер алдындағы өз міндеттемелеріне толық көлемде қызмет көрсетуге мүмкіндік берді.Екінші деңгейлі банктер арасында жыл басынан бері актив өсімі бойынша көшбасшы Фридом Финанс Қазақстан банкі: 66,7% көбейіп, 2,1 трлн теңгеге жеткен. Банк активінің үлесі сектордағы жалпы көлемнің 4,4%-ы.Еуразиялық Банк екінші орында: қаржы институтының активі 22,2% өсіп, 2,9 трлн теңгеге жетті, бұл сектордың 6%-ы.Kaspi Bank үшінші орында: бірден 943 млрд теңгеге (немесе 18,5%) ұлғайып, 6 трлн теңгеге жетті. Бір жылда 2022 жылғы қыркүйекпен салыстырғанда 1,5 трлн теңгеге немесе 33,4% өсті. Бұл ретте қаржы институтының елдің банк секторындағы үлесі 12,6%-ға дейін өсті.Жыл басынан бері актив көлемінің ұлғаюы бойынша көш бастап келе жатқан ЦентрКредит банкі (517 млрд теңгеге немесе 11,9% көбейген) және Отбасы банкі (392 млрд теңге немесе 11,4% көбейген) үздік бестікке кірді.Жалпы, еліміздегі 21 банктің 13 қаржы институты ғана активін көбейтсе, қалған 8 банктің көрсеткіші төмендеді. Олардың қатарында Ситибанк Қазақстан, Bank RBK, Қазақстандағы Қытай банкі, Jusan Bank, Altyn Bank, Halyk Bank, Заман-Банк ислам банкі және Нұрбанк бар.Жалпы, жылдық динамика бойынша банктердің активі 14,8% өсті, ал бес жылда өсім 95,1% болды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/05/12/35009177_0:0:1280:960_1920x0_80_0_0_e90ddc1683bdbe759bbc3655e413b3f4.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
банк
Банк секторының активі 48 трлн теңгеге жақындады
07:00 22.11.2023 (жаңартылды: 07:03 22.11.2023) Еліміздегі 21 банктің 13-і ғана активін көбейткен, қалған 8 банктің көрсеткіші төмендеді
АСТАНА, 22 қараша – Sputnik. 2023 жылғы қыркүйектің аяғында Қазақстанның банк секторында 21 екінші деңгейлі банк болды.
Банк секторының активі биыл қыркүйекте 2,5% немесе 1,2 трлн теңгеге (жыл басынан бері — 7,5% немесе 3,3 трлн теңгеге) ұлғайып, 47,9 трлн теңгені құрады, деп хабарлады
Ranking.
Өтімділігі жоғары активтер 14,2 трлн теңге немесе барлық активтің 29,6%-ы, бұл банктерге клиенттер алдындағы өз міндеттемелеріне толық көлемде қызмет көрсетуге мүмкіндік берді.
Екінші деңгейлі банктер арасында жыл басынан бері актив өсімі бойынша көшбасшы Фридом Финанс Қазақстан банкі: 66,7% көбейіп, 2,1 трлн теңгеге жеткен. Банк активінің үлесі сектордағы жалпы көлемнің 4,4%-ы.
Еуразиялық Банк екінші орында: қаржы институтының активі 22,2% өсіп, 2,9 трлн теңгеге жетті, бұл сектордың 6%-ы.
Kaspi Bank үшінші орында: бірден 943 млрд теңгеге (немесе 18,5%) ұлғайып, 6 трлн теңгеге жетті. Бір жылда 2022 жылғы қыркүйекпен салыстырғанда 1,5 трлн теңгеге немесе 33,4% өсті. Бұл ретте қаржы институтының елдің банк секторындағы үлесі 12,6%-ға дейін өсті.
Жыл басынан бері актив көлемінің ұлғаюы бойынша көш бастап келе жатқан ЦентрКредит банкі (517 млрд теңгеге немесе 11,9% көбейген) және Отбасы банкі (392 млрд теңге немесе 11,4% көбейген) үздік бестікке кірді.
Жалпы, еліміздегі 21 банктің 13 қаржы институты ғана активін көбейтсе, қалған 8 банктің көрсеткіші төмендеді. Олардың қатарында Ситибанк Қазақстан, Bank RBK, Қазақстандағы Қытай банкі, Jusan Bank, Altyn Bank, Halyk Bank, Заман-Банк ислам банкі және Нұрбанк бар.
Жалпы, жылдық динамика бойынша банктердің активі 14,8% өсті, ал бес жылда өсім 95,1% болды.