Мектепке дейінгі білім беру саласында қызмет көрсету көлемі 21%-ға өсті

© Sputnik / Владислав ВодневБалабақша, архивтегі фото
Балабақша, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.11.2023
Жазылу
Балаларды дамыту орталықтарының қызметі 5%-ға қымбаттады
АСТАНА, 22 қараша – Sputnik. Қазақстанда 2023 жылдың екінші тоқсанында мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің көлемі бір жылда 20,9%-ға өсіп, 206,8 миллиард теңгеге жетті, деп хабарлады Finprom.
Оның ішінде шағын кәсіпорындар – 191,1 миллиард теңгеге, орта кәсіпорындар – 14,1 млрд теңгеге, ірі кәсіпорындар – 1,6 миллиард теңгеге қызмет көрсетті.
Меншік түрлері бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру саласында қызметтердің басым бөлігін мемлекеттік кәсіпорындар көрсетті: 126,3 миллиард теңге. Жекеменшік компаниялар 80 миллиард теңгеге, шетелдіктер 539,7 миллион теңгеге қызмет көрсетті.
Өткен жылдың сәйкес кезеңінде елімізде бұл салада 171,1 миллиард теңгеге қызмет көрсетілген, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 28,2%-ға артық.
Өңірлер бойынша ең жоғары көрсеткіш Түркістан облысында тіркелді: бір жыл бұрынғыдан 24 миллиард теңгеге немесе 4,6%-ға артық.
Үздік үштікке сондай-ақ Алматы (19,7 миллиард теңге, бір жылда 27,9% өсім) және Жамбыл облысы (17,4 миллиард теңге,бір жылда 19,4% өсім) кірді.
Ең аз қызмет Ұлытау облысында көрсетілді: 2,6 миллиард теңгеге, бір жыл ішіндегі өсім – 29,1%.
Саладағы қызмет көрсету көлемінің ең көп өсімі Алматы облысында байқалды: бірден 38,9%-ға, 17 миллиард теңгеге дейін.
Осы жылдың қазан айында балаларды дамыту орталықтарында қызмет көрсету құны бір жылда 5%-ға өсті.
Өңірлер бойынша бағаның өсуін Түркістан облысының тұрғындары қатты сезінді: бір жылда 41,5%-ға. Үздік үштікке Маңғыстау (26,6%-ға) және Ақтөбе (22,4%-ға) облыстары да кірді.
Балаларды дамыту орталықтары қызметі құнының ең аз жылдық өсімі Атырау облысында тіркелді: 3,1%. Тағы екі облыста – Алматы мен Ұлытау облысында баға бір жыл бұрынғы деңгейде қалды. Алматы облысында қызметтер 0,5%-ға арзандады.
Жаңалықтар
0