Израиль үкіметі тұтқындарды босату және соғысты уақытша тоқтату туралы келісімді мақұлдады

© AFP 2024 / Yuri CortezИзраиль танкі
Израиль танкі - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.11.2023
Жазылу
Алдымен кепілге алынған әйелдер мен балалар босатылады
АЛМАТЫ, 22 қараша – Sputnik. Израиль министрлер кабинеті тұтқындарды босату және Газа секторындағы соғысты уақытша тоқтату туралы ХАМАС-пен келісімді мақұлдады, деп хабарлады РИА Новости Haaretz газетіне сілтеме жасап.
"Израиль үкіметі атысты уақытша тоқтату туралы ХАМАС-пен келісімді қабылдауға дауыс берді, бұл келісім бойынша тұтқындар Израиль түрмелеріндегі палестиналықтарға айырбасталады", - деп жазды басылым.
Израиль министрлер кабинеті палестиналық ХАМАС қозғалысымен келісім аясында төрт күн ішінде кепілге алынған 50 адам, алдымен әйелдер мен балалар босатылатынын хабарлады, деп жазды Associated Press.
"Келісім бойынша ХАМАС төрт күн ішінде кепілге алынған шамамен 240 адамның 50-ін босатуы керек", - делінген агенттік хабарламасында.
Кепілге алынған әрбір 10 адам үшін үзіліс мерзімі бір күнге ұзартылатыны аталып өтті.
"Үкімет бірінші болып тұтқынға алынған әйелдер мен балалар босатылатынын айтты", - делінген агенттік хабарламасында.
Израиль 24 сағат ішінде босатылатын тұтқындардың есімін жариялайды, деп хабарлады Axios израильдік шенеунікке сілтеме жасап.
Израильадам өлтіргені үшін сотталған тұтқындарды босатпайтынын мәлімдеді.
Сондай-ақ ХАМАС гуманитарлық көмекті Газа секторының барлық аймағы арқылы өткізуге Израильмен келіскені хабарланды.
Жаңалықтар
0