https://sputnik.kz/20231122/frantsiya-qazaqstanga-iri-zhel-elektr-stantsiyasyn-saluga-komektesedi-40346030.html
Франция Қазақстанға ірі жел электр станциясын салуға көмектеседі
Франция Қазақстанға ірі жел электр станциясын салуға көмектеседі
Sputnik Қазақстан
Қазақстан мәжілісі Франциямен тиісті келісімді ратификациялады 22.11.2023, Sputnik Қазақстан
2023-11-22T13:15+0500
2023-11-22T13:15+0500
2023-11-22T13:15+0500
франция
https://sputnik.kz/img/07e4/07/1b/14576817_0:180:3067:1905_1920x0_80_0_0_96ee069eeb92841d47e3d69206badd9b.jpg
АСТАНА, 22 қараша – Sputnik. Мәжіліс депутаттары жалпы отырыста Қазақстан мен Франция үкіметтері арасындағы жаһандық жылуға қарсы күрес саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялады, оның ішінде еліміздің оңтүстігінде ірі жел электр станциясының құрылысы бар. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.Келісімнің негізгі мақсаты – жаһандық жылуға қарсы күрестегі ынтымақтастық. Осы мақсатта Қазақстанда жаңартылатын энергия көздері саласындағы ірі жобалар әзірленіп, жүзеге асырылады.Қазақстан энергетика министрлігінің мәліметінше, жел электр паркін жүзеге асыру бойынша француз тарапынан 60% серіктес үлесі бар Total Eren S.A компаниясы, Қазақстан тарапынан әрқайсында 20% үлесі бар "Самұрық-Қазына" АҚ және "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ тартылады. Ведомство хабарлағандай, жобаның қуаттылығы Қазақстанда пайдалануға берілген жаңартылатын энергия көздері нысандарының жалпы көлемінің 50% құрайды.Жоба "Мирный" деп аталады және Жамбыл облысы Мирный ауылының маңында гибридті электр станциясын іске асыру, әзірлеу, салу және пайдалануды көздейді."Жоба аясында 250-ге дейін тұрақты жұмыс орны құрылады, 25 мыңға дейін уақытша жұмыс орны ашылады, шамамен 820 миллиард теңге инвестиция тартылады, сонымен қатар қосымша 3,6 млрд кВт/сағ жасыл энергия өндіріледі. Жоба инвестор есебінен жүзеге асырылады", - деді заң жобасын таныстырған энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев.Ол жасыл энергия өндіретін қосымша қуаттарды енгізу қазақстандық тауарлардың халықаралық нарықтағы бәсекеге қабілеттілігіне оң әсер ететінін айтты.Мәжіліс қабылдағаннан кейін құжат Сенаттың қарауына жіберіледі.
франция
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/07/1b/14576817_140:0:2869:2047_1920x0_80_0_0_4393ad3c42385d0bb21927f539dc722f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
франция
Франция Қазақстанға ірі жел электр станциясын салуға көмектеседі
Қазақстан мәжілісі Франциямен тиісті келісімді ратификациялады
АСТАНА, 22 қараша – Sputnik. Мәжіліс депутаттары жалпы отырыста Қазақстан мен Франция үкіметтері арасындағы жаһандық жылуға қарсы күрес саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялады, оның ішінде еліміздің оңтүстігінде ірі жел электр станциясының құрылысы бар. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.
Келісімнің негізгі мақсаты – жаһандық жылуға қарсы күрестегі ынтымақтастық. Осы мақсатта Қазақстанда жаңартылатын энергия көздері саласындағы ірі жобалар әзірленіп, жүзеге асырылады.
Қазақстан энергетика министрлігінің мәліметінше, жел электр паркін жүзеге асыру бойынша француз тарапынан 60% серіктес үлесі бар Total Eren S.A компаниясы, Қазақстан тарапынан әрқайсында 20% үлесі бар "Самұрық-Қазына" АҚ және "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ тартылады. Ведомство хабарлағандай, жобаның қуаттылығы Қазақстанда пайдалануға берілген жаңартылатын энергия көздері нысандарының жалпы көлемінің 50% құрайды.
Жоба "Мирный" деп аталады және Жамбыл облысы Мирный ауылының маңында гибридті электр станциясын іске асыру, әзірлеу, салу және пайдалануды көздейді.
"Жоба аясында 250-ге дейін тұрақты жұмыс орны құрылады, 25 мыңға дейін уақытша жұмыс орны ашылады, шамамен 820 миллиард теңге инвестиция тартылады, сонымен қатар қосымша 3,6 млрд кВт/сағ жасыл энергия өндіріледі. Жоба инвестор есебінен жүзеге асырылады", - деді заң жобасын таныстырған энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев.
Ол жасыл энергия өндіретін қосымша қуаттарды енгізу қазақстандық тауарлардың халықаралық нарықтағы бәсекеге қабілеттілігіне оң әсер ететінін айтты.
Мәжіліс қабылдағаннан кейін құжат Сенаттың қарауына жіберіледі.