Egov.kz порталында қате мәліметтерді түзетуге арналған 8 жаңа сервис іске қосылды

© Sputnik / Тимур БатыршинЦентр обслуживания населения (ЦОН)
Центр обслуживания населения (ЦОН) - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.11.2023
Жазылу
Egov-тағы электронды құжатыңызда қате кетсе, өзіңіз түзете аласыз
АЛМАТЫ, 22 қараша – Sputnik. Egov.kz электрондық үкімет порталында және eGov Mobile мобильді қосымшасында мәліметтерді түзетуге арналған сегіз сервис іске қосылды, деп хабарлайды "Ұлттық ақпараттық технологиялар" акционерлік қоғамы.
Сервистер мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріндегі қате деректерді түзеуге және болашақта қандай да бір мемлекеттік қызметтерді кедергісіз алуға мүмкіндік береді.
"Бұл 8 сервис арқылы отбасы, вакцинация паспортындағы аймақ, көлік құралдарының қате мәліметтері мен жылжымалы мүліктің кепілі және әскери қызмет туралы мәліметтерді толықтыруға және дұрыс емес деректерді түзетуге болады. Заңды тұлға мен жылжымайтын мүлік объектілерінің атауы, орналасқан жері туралы мәліметтерді де жөндеуге болады", - дейді ведомство.
Сондай-ақ ЖОО дипломдары мен ТжКБ, аттестат деректеріндегі мәліметтерді де түзетуге болады.
"Азаматтың пәтері немесе автокөлігі туралы деректер мемлекеттік органдардың түрлі деректер базасында орналасқан. Кейбір жағдайларда бұл мәліметтер дұрыс болмауы мүмкін, салдарынан бұл мемлекеттік қызметтерді алуға кедергі келтіреді. Енді азаматтардың өмірін жеңілдету үшін біз мемлекеттік органдармен бірлесіп, мәліметтерді түзетудің 8 сервисін құрдық. Мысалы, егер сізде отбасы немесе білім туралы құжаттарда дұрыс емес ақпарат болса, құжаттың түпнұсқасының фотосуретін немесе т. б. қажетті мәліметтерді қосып өтініш бере аласыз. Өтінім өңделеді және мәліметтерді тиісті мемлекеттік орган түзетеді",- дейді "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ басқарма төрағасы Ростислав Коняшкин.
eGov.kz порталында түзету сервистеріне мына сілтемелер арқылы қол жеткізуге болады:
1.
Вакцинация бойынша мәліметтерді түзету;
2.
Көліктердің қате мәліметтерін түзету;
3.
Заңды тұлғаның атауларын, орналасқан жерін түзету;
4.
Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүліктің кепілі туралы мәліметтерді түзету;
5.
"Жылжымайтын мүлік тіркелімі" мемлекеттік деректер базасы" ақпараттық жүйесіндегі жылжымайтын мүлік объектілерінің қате мәліметтерін түзету;
6.
Азаматтық хал актісін тіркеу туралы мәліметтерді түзету;
7.
Әскери қызмет туралы мәліметтерді түзету;
8.
Білім туралы құжаттар туралы мәліметтерді түзету.
Мәліметтерді eGov Mobile мобильді қосымшасындағы басты бетте "Түзету қызметтері" арқылы жөндеуге болады.
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.08.2023
Қоғам
Қазақстандықтар eGov.kz порталында өз құжаттарына өзгеріс енгізе алады
Жаңалықтар
0