https://sputnik.kz/20231122/eaeo-dari-darmekke-qatysty-quzhattarga-ozgerister-engizdi-40341753.html
ЕАЭО дәрі-дәрмекке қатысты құжаттарға өзгерістер енгізді
ЕАЭО дәрі-дәрмекке қатысты құжаттарға өзгерістер енгізді
Sputnik Қазақстан
Жаңартылған құжатта фармацевтикалық препараттардың атауларынан бөлек, ветеринариялық препараттар да пайда болды 22.11.2023, Sputnik Қазақстан
2023-11-22T10:08+0500
2023-11-22T10:08+0500
2023-11-22T11:35+0500
еаэо
дәрі-дәрмек
https://sputnik.kz/img/07e4/0a/10/15219922_0:160:3073:1888_1920x0_80_0_0_6aa8c85c435504494f592b5214ebb95d.jpg
АСТАНА, 22 қараша - Sputnik. Еуразиялық экономикалық комиссия алқасы медициналық мақсатта қолданылатын дәрілік заттардың атауларын біріздендіру туралы шешім қабылдады, деп хабарлады ЕЭК баспасөз қызметі.Комиссияның мәліметінше, өткен жылы ЕАЭО Фармакопеясы жарияланып, бұл құжат одақтың барлық мемлекеті үшін эталонға айналды. Оның екінші бөлігіне сәйкес бірлестік аумағындағы барлық фармацевтикалық өнімдердің номенклатурасы жаңартылды.ЕЭК мәліметінше, бұл ЕАЭО тіркелген дәрілік заттардың бірыңғай тізілімін жүргізу кезінде дәрілік үлгілердің сапасын және олардың біркелкі көрсетілуін бағалау үшін қажет."Құжат ветеринариялық препараттардың дәрілік үлгілерінің номенклатурасымен толықтырылды", - деп атап өтті комиссиядағылар.Бұл жаңашылдық ЕАЭО мемлекеттерінің уәкілетті органдарының (сараптау мекемелерінің) осы дәрілік үлгілердің атауларын қалыптастыру және ветеринариялық препараттардың сапасын бағалау тәсілдерін үйлестіруге мүмкіндік береді, деп хабарлады комиссия.
https://sputnik.kz/20231120/eaeo-elderinde-qurylys-salasy-zhandandy--qyrgyzstan-kosh-bastap-tur-40300075.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0a/10/15219922_170:0:2901:2048_1920x0_80_0_0_b56babb51350d464e50b04041cb163b0.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
еаэо, дәрі-дәрмек
ЕАЭО дәрі-дәрмекке қатысты құжаттарға өзгерістер енгізді
10:08 22.11.2023 (жаңартылды: 11:35 22.11.2023) Жаңартылған құжатта фармацевтикалық препараттардың атауларынан бөлек, ветеринариялық препараттар да пайда болды
АСТАНА, 22 қараша - Sputnik. Еуразиялық экономикалық комиссия алқасы медициналық мақсатта қолданылатын дәрілік заттардың атауларын біріздендіру туралы шешім қабылдады, деп хабарлады ЕЭК баспасөз қызметі.
Комиссияның мәліметінше, өткен жылы ЕАЭО Фармакопеясы жарияланып, бұл құжат одақтың барлық мемлекеті үшін эталонға айналды. Оның екінші бөлігіне сәйкес бірлестік аумағындағы барлық фармацевтикалық өнімдердің номенклатурасы жаңартылды.
"Қабылданған шешім Одақтың Фармакопеясына сәйкес дәрілік үлгілердің атауларын қалыптастыру және бірыңғай терминдерді қолдануға арналған бірыңғай тәсілдерді белгілеуге мүмкіндік береді", - деп жазылған комиссия таратқан хабарламада.
ЕЭК мәліметінше, бұл ЕАЭО тіркелген дәрілік заттардың бірыңғай тізілімін жүргізу кезінде дәрілік үлгілердің сапасын және олардың біркелкі көрсетілуін бағалау үшін қажет.
"Құжат ветеринариялық препараттардың дәрілік үлгілерінің номенклатурасымен толықтырылды", - деп атап өтті комиссиядағылар.
Бұл жаңашылдық ЕАЭО мемлекеттерінің уәкілетті органдарының (сараптау мекемелерінің) осы дәрілік үлгілердің атауларын қалыптастыру және ветеринариялық препараттардың сапасын бағалау тәсілдерін үйлестіруге мүмкіндік береді, деп хабарлады комиссия.