Ауа райына байланысты сегіз жол учаскесі жабылды
08:53 22.11.2023 (жаңартылды: 11:37 22.11.2023)
© Sputnik / Абзал КалиевЗимняя дорога
© Sputnik / Абзал Калиев
Жазылу
Күре жолдарда 170 арнайы техника мен 240 маман жұмыс атқарып жатыр.
АСТАНА, 22 қараша – Sputnik. Екпінді жел мен қатты жаңбыр салдарынан еліміздің үш өңіріндегі 8 жол учаскесінде жол қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды "Қазавтожол" баспасөз қызметі.
Күре жолдарда 170 арнайы техника мен 240 маман жұмыс атқарып жатыр.
"Қазавтожол" мамандарының хабарлауынша, Ақмола облысында 4 жол учаскесі, Солтүстік Қазақстан облысында 2 жол учаскесі, Қостанай облысында 2 учаске жабық.
Ақмола облысында:
1.
"Қостанай-Әулиекөл-Сұрған" күре жолының Қостанай облысының шекарасынан Сұрған ауылына дейін;2.
"Жақсы-Есіл-Бұзылық" жолының Жақсы ауылы мен Бұзылық ауылы арасы;3.
"Жезқазған-Петропавл" күре жолының СҚО шекарасынан Қостанай облысының шекарасына дейін;4.
"Екатеринбург-Алматы" тасжолының СҚО шекарасынан Атбасар қаласына дейінгі аралығында;Солтүстік Қазақстан облысында:
1.
"Жезқазған-Петропавл" күре жолының Ақмола облысының шекарасынан Дружбинское ауылына дейін;2.
"Екатеринбург-Алматы" күре жолының Чистополье ауылынан Ақмола облысының шекарасына дейінгі аралықта;Қостанай облысында:
1.
"Қостанай-Әулиекөл-Сұрған" күре жолының Әулиекөл ауылынан Ақмола облысының шекарасына дейін;2.
"Жезқазған-Петропавл" тасжолының Арқалық қаласы мен Ақмола облысының шекарасына дейінгі аралығында жол жабық.